"Дұға етші, жаңбыр тоқтасын..."
Әнас ибн Малик (р.а.) әңгімелеуде: Бір жұма күні пайғамбарымыз мінбеде хұтба оқып жатқанында, мінберге қарама-қарсы есіктен біреу кіріп, пайғамбарымызға қарай бұрылды. Сөйтті де тізе бүгіп отырмастан Пайғамбарымызбен сөйлесе бастады: «Уа, Аллаһтың пайғамбары, жағдайымыз қиын, құрғақшылықтан малдарымыз қырылатын болды, шарамыз қалмады... Дұға етші, бізге жаңбыр жаудырсын». Осы сәт Расулаллаһ алақанын жайып «Аллаһ тағалам, бізге жаңбыр жібер, Аллаһ тағалам, бізге жаңбыр жібер, Аллаһ тағалам, бізге жаңбыр жібер» деп дұға етті. Аллаһқа ант етейін, дәл сол сәтте аспанда шөкімдей де бұлт жоқ еді....