Күнделікті 360 садақа беру міндетіңіз екенін білесіз бе? (немесе Пайғамбарлықтың (с.а.с.) тағы бір дәлелі)
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) буындарға қатысты бірқатар хадистері бар. Тіпті, адам денесінде қанша буын болатындығын нақты айтып кеткен. Бір қызығы, сол хадистерде көрсетілген буын сандарын қазіргі медицинада толық дәлелдеді. Буын жайында айтқан Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистері мыналар: «Әр адамның жаратылысында 360 буын бар. Олай болса, Аллаһ тағаланы ұлықтаса, мақтау айтса, «лә иләһа иллаллаһ, субханаллаһ» десе, Құдайдан кешірім тілесе, ел жүретін жолдан тас, тікен немесе сүйек секілді нәрселерді жол шетіне алып тастаса не болмаса жақсылыққа шақырып, жамандықтан...