Күнделікті орындалатын 100 сүннеттік амал (1)
Күнделікті орындалатын 100 сүннеттік амал (1)

Келе жатқан Мәулітке орай Сүйікті Пайғамбарымызға (с.а.с.) сый ретінде оның сүннеттерін өмірімізге өткізейік деген болатынбыз. Сол сүннеттердің рет-ретімен, түсіндірмесімен, тақырыптарымен ең ыңғайлы және толық түрде жазылғанын көргенде сіздермен соны бөлісуді ұйғардым. Басында сілтемесін жазамын ба деп ойлағанмын. Бірақ бірден оқи алуға мүмкіндік болсын деп осы блогқа көшіріп жазатын болдым. (Шынар Ә.Т.)

 

Аса Мейрімді Жаратушымызға бар мадақ мақтаулар болсын бізге керемет тәлімгер берген, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға, оның әулетіне және сахабаларына Алланың игілігі мен сәлемі болсын.

Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннеттерінің маңыздылығы мен құндылықтарын әр мұсылман баласы жете түсінеді, алайда оны күнделікті дағдыға айналдырып, қолданатының саны аз. Көпшілігі Сүннетке еруді бір аса қиын әрі ауыр деп ойлайды, анығында ол мүлде олай емес. Біздер Сүннетке еруді сектанттардың саясат ұранынан өзіміздің жалауға, ал сөздерін – амалдарымызға айналдыруымыз қажет.

Біз Сүннеттердің ішінен адам баласының күн бойына орындай алатын әрі көп уақытты талап етпейтін, есесіне мол сауап алатын, абзал болған 100 сүннет амалдарын жинадық, мәселен күнделікті көп орындалатындары: әжетханаға қалай кіру керек, қалай ішіп — жеу керек, қалай ұйқыдан ояну керек, қалай киіну, қалай үйге кіру керек және басқа да амалдар. Күнделікті қарапайым істерді Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Сүннетіне сай орындайтын болсақ, онда үнемі мол сауапқа кенеліп, өмірімізге береке енер еді. Сонымен қатар, қажет болған тұста, оқырмандарымыз үшін араб тіліндегі дұғалардың жазылуы мен аудармасын және де имам әл – Ғазалидың «Ихья улюм ад-дин» бөлімдерінен түсіндермелерін ұсынатын боламыз.

Жақсы көрген адамыңа еліктеу – махаббаттың белгісі емес пе? Ал кімде бұл еліктеу болмаса, онда махаббаттың да болмағаны.

Және де біз Ұлы Жаратушымыздың мына сөзін естен шығармаумыз керек:

قُلْإِنكُنتُمْتُحِبُّونَاللَّـهَفَاتَّبِعُونِييُحْبِبْكُمُاللَّـهُوَيَغْفِرْلَكُمْذُنُوبَكُمْۗوَاللَّـهُغَفُورٌرَّحِيمٌ

Мағынасы: « Айт: Егер сендер Алланы жақсы көрсеңдер, онда маған еріңдер, сонда Алла да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді, себебі Алла – Кешірімді әрі Рахымды».

Алланың бізге деген махаббаты мен күнәларымызды кешуі біздің Алла Елшісіне (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) еруімізге байланысты. Алла Тағала біздерге Сүйікті құлының (Алланың оған игілі мен сәлемі болсын) Сүннеттеріне еруімізде тауфиқ нәсіп етсін.

Әжетханаға кіру тәртібінің сүннеттері

  1. Әжетханаға жалаңбас кірмеу.
  2. Әжетханаға жалаңаяқ кірмеу (шәрке кию, бірақ әдеттегі нәскиді шешу) керек.
  3. Әжетханаға кірерде мына дұғаны оқу:

بِسْمِ الله اللّهُـمَّ إِنِّـي أَعـوذُ بِـكَ مِـنَ الْخُـبْثِ وَالْخَبائِث

«Би-сми Лләхи, Аллахумма, ин-ни а’узу би-кә мин әл-хубси уәл-хабаиси!»

Аудармасы: «Уа, Аллаһ! Жын – шайтанның кесепаттарынан және барша жамандықтарынан Өзіңе сыйынамын. Мені олардан қорғай гөр»

  1. Әжетханаға сол аяқпен кіру.
  2. Қажетіңді отырып орындау керек. Тұрып өтеудің қажеті жоқ.

Имам әл-Ғазалидің қосқаны: «Қажетіңді өтеген тұста сол аяққа сүйену (жантаю) керек».

  1. Қажетіңді өтеген тұста қыблаға жүзіңмен немесе арқаңмен қарап отырмау керек.
  2. Әжетханада сөйлемеу керек.
  3. Зәрдің тамшылары киімге немесе денеге тимеуін қадағалау қажет.

Имам әл — Ғазалидің қосқаны: «Дәл қажет өтеген жерге «әл-истинжа» жасамаған абзал». Біздің кезімізде, алдымен дәретті ағызып жіберіп, кейін жуыну керек, өйткені дәрет суы нәжіске түсіп, денеге немесе киімге шашырауы мүмкін.

  1. Қажетті өтеп болғаннан кейін, өзіңді сумен тазартып, зәрден «әл-истибра» жасау керек.

Имам әл-Ғазалидің қосқаны: « «Истибраның» мағынасына аса үңіле берудің қажеті жоқ, себебі ол шайтанның азғыруына әкеледі, және күрделене түседі. Ал ылғалды сезген адам, жуынған суының қалдығы деп есептесін. Егер осы ойлар оған маза бермесе, онда қайтадан жуынсын, алайда шайтанның азғыруына жол бермеген абзал».

  1. Әжетхана қағазымен тазаланып (біздің кезімізде), кейін сумен жуынған абзал. Және осылай жасағандар үшін, аят түсірілген:

فِيهِ رِجَالٌ يُحِبُّونَ أَن يَتَطَهَّرُوا ۚ وَاللَّـهُ يُحِبُّ الْمُطَّهِّرِينَ

Мағынасы: «Онда тап – таза болуды сүйетін кісілер бар. Алла да өте таза болушыларды жақсы көреді» (Тәубе сүресі, 108 аят).

  1. Әжетханадан шыққанда оң аяқпен шығу керек.
  2. Әжетханадан шыққандағы оқылатын дұға:

غُفْـرانَك

«Ғуфранакә!»

Аудармасы: «Кешіре гөр!»

  1. Қажет өтеп болғаннан соң дәрет алу керек.

Имам әл-Ғазали айтады: «Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қажетін өтеп болғаннан кейін, бірде – бір рет дәрет алмаған кезін көрген емеспіз». (Ибн Маджа, № 354 қараңыз) .

Әбу Әли әл-Ашари

annisa-today.ru сайтынан қазақ тіліне аударған Tamshy.kz

ислам, дін, сүннет, пайғамбар, сауап, ғибадат, мәуліт, религия
ShynarShynar
8 жыл бұрын 4887
0 пікір
Блог туралы
0
197372 301 569 1564 248