Күнделікті орындалатын 100 сүннеттік амал (5)
Күнделікті орындалатын 100 сүннеттік амал (5)

Үйге кірер кездегі сүннеттер

Біздің дініміз отбасыға үлкен мән береді, тіпті мұсылман халықтары үшін отбасы басты орында тұрады десек те қателеспейміз. Ал отбасының бастысы белгісі – сол отбасы мүшелері тұратын ошақ басы, үй.

Біз үйге кірерде және одан шығарда орындалатын бірқатар сүннет амалдарды атап өтеміз:

  1. Үйден шығарда айтылатын дұға:

بِسم الله تَوَكّلْتُ على الله وَ لا حول و لا قُوة إلاّ بالله

Оқылуы:

«Бисмилләһи тәуаккалту `алаллаһ уә лә хаулә уә ләқуууата иллә билләһ».

Аудармасы:

Алланың атымен бастаймын, Аллаға тәуекел етемін, Алладан өзге күш те құдірет те жоқ.

  1. Үйге кірерде оқылатын дұға:

بِسم الله وَلَجْنا و بِسْمِ الله خَرَجْنا و على رَبِّنا تَوَكّلْنا

Оқылуы:

«Бисмилләһи уәләджна уә бисмилләһи хараджна уә алә раббина тәуаккална».

Аудармасы:

«Алланың атымен кірдік, Алланың атымен шықтық, және Аллаға біз тәуекел етеміз».

  1. Отбасы мүшелерімен «Әссәләмуғалайкум» деп амандасыңыз. Отбасында әдеп пен Исламның рухын сақтау үшін отбасы мүшелері арасында дұрыс қарым-қатынасты орнату өте маңызды. Бірі-бірімен өзара дөрекі қарым-қатынас жасайтын кей отбасыларында ислам әдептері бөгде біреулер келгенде немесе қонақтардың көзінше ғана орындалатын формалды зат сияқты қалыптасып кеткен. Мұндай оғаштыққа жол бермес үшін ислам әдептері мен қағидаттарын күнделікті өмірімізге жіті сіңдіруіміз керек.
  1. Өз үйіңіз болса да, кіреріңізде, жөтел, қағыс, амандасу немесе өзге де бір белгі беру арқылы келгеніңізді білдіргеніңіз абзал болады. Бұл үй тірлігімен жүрген әйеліңіздің үсті-басын ретке келтіруіне қажет болады.

Әбу Әли әл-Ашари

annisa-today.ru сайтынан қазақ тіліне аударған Tamshy.kz

ислам, дін, сүннет, пайғамбар, сауап, ғибадат, мәуліт, религия
ShynarShynar
8 жыл бұрын 5295
0 пікір
Блог туралы
0
197372 301 569 1564 248