Күнделікті орындалатын 100 сүннеттік амал (8)
Күнделікті орындалатын 100 сүннеттік амал (8)

Соңы
Шынайы иман келтірген әрбір мұсылман амал етуі тиіс сүннеттер жайлы мақалалар топтамасының соңғы бөлігін ұсынамыз. Алайда бұл бөлімдегі келтірілген сүннет амалдар орындалуы аса қиын амалдар. Себебі бұл бір ғана тәндік құлшылықты емес, сондай-ақ жүрек құлшылығы мен ақыл-ойдың араласуын да қажет етеді.
1. Алланың жаратылыстары туралы ойлану.
Алланың жаратылыстары туралы ойлану – Құрани Кәрім шақыратын және қасиетті кітаптың аяттарында ең жиі аталатын амалдардың бірі. Ал бұл Алланы және Оның барлық жаратылысты жаратып, әлемдерге иелік еткендегі Бірлігін танудың бірден-бір кілті.
Алла жаратқан жаратылыстың сан алуандылығы Оның құдіреті мен даналығына, Шексіз Білім иесі екендігіне дәлел болмақ.
2. Жақсыға бұйыру
Көпшілік мына аяттың мағынасы мен тәпсірін дұрыс түсінбейді:
أَتَأْمُرُونَ النَّاسَ بِالْبِرِّ وَتَنسَوْنَ أَنفُسَكُمْ
Мағыналай аудармасы: «Өзге адамдарды жақсылыққа шақыра отырып, оны өздерің ұмыт қалдырасыңдар ма?» (Бақара 44 аят).
Адамдардың басым көпшілігі бұл аятты мүлдем басқаша түсінеді, яғни, өзі амал етпейтін қандай да бір жақсылығын өзгеге бұйырғанның бұнысы әбестік әрі бұрыс болады. Алайда, бұл мүлдем сыңаржақ пікір. Имам әл-Байдауи бұл аятты былай деп тәпсірлейді: «Алла пенделерін өзгелерге жақсылықты бұйырғаны үшін емес, өздерінің сол айтқандарына амал етуді ұмыт қалдырғандықтары үшін кінәлайды». Сол себепті адамның алдында екі бірдей міндет тұрады: жақсылық жасау және жақсылықты бұйыру. Алайда, бұл міндеттің бірін ұмытқан адам екіншісіне амал етуін тоқтатуы керек деген сөз емес.

3. Рұқсат етілмеген заттан тыю — алайда, бұның бір шарты бар: аталған амалды оны адамның ұстанатын мәзһабына сәйкес немесе барлық Ислам ғұламаларының тұжырымдауынша нақ тыйым етілген әрекет болуы тиіс.
4. Үнемі Алланы еске алып, зікірде болу;
5. Күн сайын Құран оқу – Құранды өміріңіздің ажырамас бір бөлігіне айналдырам десеңіз, ең әуелі Құранды дұрыс оқудың ілімін үйрену керек. Кейін Құранды толықтай жаттап, оны үнемі қайталап отырғаныңыз абзал болады.
6. Әр мұқтаждығыңызда не болмаса қандай да бір қиын мәселе туындаған жағдайдың баршасында Алладан жәрдем тілеп, Аллаға жалбарыну.
Мақала топтамаларында айтылған барлық сүннет амалдарды күнделікті құлшылықтарымыздың қатарына кірістіріп, оларға ұмытпай амал етуіміз үшін Алла Тағаладан тауфиқ сұрайық. Алла қаласа, біздің жүрегімізді нұрландырып, Өзінің діні мен иманында тұрақты етер.

Әбу Әли Әл-Ашари
annisa-today.ru сайтынан қазақ тіліне аударған Tamshy.kz

ислам, дін, сүннет, пайғамбар, сауап, ғибадат, мәуліт, религия
ShynarShynar
8 жыл бұрын 10094
9 пікір
  • Күн сайын құран оқу деген не ол? Шама жеткенше оқу керек ғой. Адамдар ризық табу үшін жұмыс істейді кейде оқуға ынғай болмай жатады. Оны көп оқып түсінбесе пайдасы жоқ ғой. Тыныш кезде адам ойы жинақы кезде ойын жинақтап түсініп оқу керек. Олай күнде оқу керек деп барлық жұмысты тастап оқуға болмайды. Бұлай айтсаңыз кей адамдар беріліп жұмысында бәрін тастап кетуі мүмкін ғой. Құлшылық жасауда шектен шығуға болмайды. Сол себеп шамаңыз жетсе ынғайы болғанда құран ашып оқы деу керек. Мұнымен дым оқымасын деп айтып жатқаным жоқ, оқу керек бірақ барлық нәрсе орташа өз уақтымен болуы керек.
    8 жыл бұрын
    • Құранды көп оқып, түсінбесе пайдасы жоқ дегенге келіспеймін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадистерінде Құранды түсініп оқығаны үшін емес, оның әрбір парағын "Бисмилләһ" деп ашқаны үшін және әрбір оқыған әрпі үшін сауап беріледі деп айтылған. Қаншама ғасыр өтсе де, қарапайым адам тұрмақ, ешбір ғұлама Құранды толық немесе дұрыс түсіндім деп айта алмайды. Әр нәрсенің шегі болатыны және әркімнің ризық табатын жұмысы болатыны түсінікті, алайда кез келген адам күніне 10-15 минут болса да Құран оқуға уақыт таба алады деп ойлаймын. Онсызда шектеулі уақытын түрлі сериалдарды, ток-шоуларды көруге, әлеуметтік желілерде отыруға ысырап қылып жатқандар қаншама... Анығын АЛЛА біледі.
      8 жыл бұрын
      • Мен дым оқыма деп жатқан жоқпын. Оқу керек. Әр түрлі жағдай болады адам ауырып тұруы мүмкін сонда ауырған адам оқи ала ма ол адам өзі жанымен әуре болып жатқанда. Менің айтайын дегенім кей адамдар ой мен мықтымын деп қатты беріліп кетеді. Сол үшін шамасы жеткенше оқы деп айту керек. Біреуге мә құранды оқы күніге оқы десең ол сенің айтқаныңды жасауы шамалы. Мен кішкентайымда яғни 16-17 жасымда құран ашып оқығам. Бірақ түсінбедім. Содан соң оқымай кеттім. Ал қазір жасым 20 да Қазір оқимын күнде және түсінем (бәрін деп айталмаймын). Түсінбей оқуда сауап екенін білем. Бірақ түсініп оқу одан да сауаптырақ шығар. Өйткені Алланың тиғандарынан тиылып, өткеннен сабақ аласын. Иманың берік болады.
        8 жыл бұрын
    • Ханшайым, сөзіңіз орынды-ақ. Бірақ мұндағы "міндеттіміз", "тиіспіз", "оқуымыз керек" деген сөздер бес парызбен қатар тұр дегенді білдірмесе керек. Құран оқуға аңсарымыз ауып, ынтық болып, ықыласты болуды меңзейді. Тіпті бес намаздың өзінде құран оқимыз. Намаз соңынан жоқ дегенде 5-6 аятты айтып шығу да қиынға соқпайды. Кәсіп-жұмыс арасында, басқа да тіршіліктің қамымен жүріп құранға құрмет жасап, оқи алмасақ да "оқысам ғой, шіркін!" деп ой ойлап қайсақ та абзал іс болар еді. Иманымыздың көзі болған қасиетті Құран жайында ауызбіршілікте болайық.
      8 жыл бұрын
      • Мен тартысып немесе құранды оқымаңдар деп отырғаным жоқ. Ондай ойдан аулақпың. Тек ғана шектен шықпау керек дегенді алға тартып отырмын. Мысалы жаңа дінге келіп жатқандар оны дұрыс түсінбей қалуы мүмкін. Қазір адамдар сөздің мағынасын түсінбей өздерінше ой жүргізіп дұрыс түсінбей жүр. Түсінбей оқыған адам сауап алады бірақ оны түсінбей оқып соңында түсінбегеннен кейін оқымай кетеді ғой (Құран кітапты айтып отырмын) адам өзі түсінетін кез келеді міне сол кезде құранды түсініп оқығысы келе беретін болады. Мен өзім түсінбейтін кішкентай кезімде кітапты оқып көрдім. Сол себепті түсінем. Менің осы пікіріме қарсы келгендер олар түсінетін есі кірген кезде кітапты оқыған адамдар. Тек кітап жайлы айтып жатырмын Намазды емес. Дұрыс түсініңдер. Намазға келетін болсам пайғамбарымыздың өзі оразасын да қалыпты орташа ұстаған, намазында орташа болған.
        8 жыл бұрын
  • Бұл бөлімдегі істер аса қиын деп басында-ақ ескертілген болатын. Себебі, алдыңғы бөлімдерде әр адамның күнделікті өзі-ақ жасайтын іс-әрекеттеріне айтарлықтай ешнәрсе қоспастан, тек бір жүйеге келтіру ұсынысы болды. Ал мұнда адамның қажеттілігінен тыс қосымша ғибадат ретінде атқарылатын істер жазылған. Өйткені, олар да Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әрдайым жасаған істері еді. Біз ол істерді қиынсынып, әр түрлі сылтау тауып кері тартқанша, "болмасаң да ұқсап бақ" қағидасымен қолдан келгенше жасауға тырысқанымыз жөн болады. "Аллаһқа ең ұнамды амал-аз да болса, тұрақты жасалғаны" делінген хадисте. Күніне аз болса да уақыт бөлейік! Оған уақыт табылары анық! Тіпті жаңағы айтқандай, адам ауырған кезінің өзінде Қасиетті Құранын қолына алып оқып, содан соң Аллаһтан шипа тілеуі тиімдірек болмақ! Біз Аллаһқа қарай бір қадам бассақ, Аллаһ бізге қарай жүгіріп келеді деген мағынада да хадис бар. Бастысы біз тырысайық, қолымыздан келмей жатқанын Раббымыздан сұрайық, сонда Аллаһтың біздің жолдарымызды ашып береріне еш күмән жоқ!
    8 жыл бұрын
    • "Аллаһқа ең ұнамды амал-аз да болса, тұрақты жасалғаны" міне осыны айтып жеткізе алмай отырмын ғой мен. Уақыт табу керек намазға уақыт табу керек. Жұмыста болсада туалетке 15 минутка шығамыз ғой. Ал намазға 10 минут кетеді әрі кетсе. Құрандыда оқу керек. Бірақ шектен шықпай. Уақтысымен күніне оқи алатын уақытқа дейін. Кей біреулер бар намазға беріліп сабағыда қалады бала шағасы болса оғанда қарамай кетеді. Ондай адамдар пайғамбарымыздың заманында да болған ғибадатқа әбден беріліп отбасына қарамай кеткен. Барлық нәрсені қалыпты орташа ұстану керек. Намаздыда оқу керек, Құранды да оқу керек, оразада ұстау керек. Мүмкіндік болса садақада беру керек. Жұмыстыда жасау керек, отбасыныда асрау керек. Барлығына жан жақты болуы керек. Кей адамдар беріліп сөздің мағынасын түсінбей күні түні оқып кетуі мүмкін сол үшін парыздарды орындау міндет деп ал оқитын кітаптарды уақтысымен оқы деу керек бірақ шама жеткенше оқы деп айту керек. Дұрыс түсінбей қалатын адамдарда бар ғой. Дұрыс жеткізу керек өйткені өзімізден кейінгі адамдарға үлгі болып қалайын деп тұр ғой. Менің айтайын дегенім осы.
      8 жыл бұрын
  • Құранды қалай оқу керек дегенге келер болсақ, оның әрбір әрпі үшін он сауап алатындай ғибадат ретінде оқу үшін арапша түпнұсқасынан оқу міндетті. Иә, барлығы арапша білмейді. Енді мағынасын түсініп, адамның өміріне өткізу үшін аударма оқу қажеттілігі туындайды. Алайда, аударманы оқып та ешқандай адам толық түсіндім деп айта алмайды. Сондықтан басқа да діни кітаптарға жүгіну қажет болады. Мен де бұрын мектепте кезімде бірінші Құранды толық оқып шығамын, содан кейін намаз оқып бастаймын деп ойлайтынмын. Бірақ бірінші намаз бастадым, кітап оқыдым, содан соң ғана Құранды толықтай аудармасын оқып шықтым. Кейін сол ойымды таразылып отырсам, мен алдымен Құран оқитын болсам, ол жақтан тіпті намазды қалай оқуды да түсіне алмайды екенмін. Құран - бір адамның емес, Ұлы Аллаһтың сөзі, соған сәйкесінше ол да сондай ұлық мағынада болмақ!
    8 жыл бұрын
  • Құранды түпнұсқасынан түсінбей-ақ ғибадат ретінде оқудың маңыздылығы мен пайдасы жайында оқиғаны алдында Марфуға Шапиян жазған еді: http://marfugashapian.islam.kz/kk/post/quran-oqudyn-qandai-paidasy-bar-2605/#gsc.tab=0
    8 жыл бұрын
Блог туралы
0
197372 301 569 1564 248