Жақсы көрген нәрселеріңде жамандық, жек көрген нәрселеріңде жақсылық болуы мүмкін... (ғашықтар хикаясы)
Мензиле Еминоғлудан кезекті ғашықтар хикаясы. Салтан Сайранұлы ізімен... Салтан ағамыздың аударған хикаясы екінші рет жарияланғаннан кейін автор туралы іздеп көрдім. Түрік ұлтының бір бойжеткені екен. Осындай ғибратты хикаялары біраз бар көрінеді. Соларды аударып, сіздерге ұсынайын деп ойладым... Жүсіп әр кештегі әдетінше тағы да Facebook-тағы парақшасын парақтап отырды. Күн сайын жазбаларын жариялаған беттен көзін алмайды. Негізінде, көзі ол бетте емес, сол бетке жазбаларын қосып отырған Балнұр есімді қызда. Күнде кешке діни жазбаларын жариялап отыратын. Жүсіп оған сырттай қарап қайран...