"Менің ұлым Имам, бірақ мұсылман емес"
"Менің ұлым Имам, бірақ мұсылман емес"

Германияда тұратын орта жастағы мұсылман кісі ұлы екеуі өздерінің автокөлігін сатып, басқа көлік алмақшы болады.
Сол елдегі халықта қалыптасқан ба, әлде сонда өмір сүретін мұсылмандардың арасында шыққан ба, әйтеуір олар көлігін сататын кезде ішіндегі алынатын барлық жабдықтарын шығарып алады екен. Көлікті солай сатады екен.
Бұл кісілер де ала алғанынша алып, өз көліктерін сатады. Сөйтіп бір немістен көлік сатып алмақшы болады. Сатушының көлігін ұнатып, бағасына да келісіп болған кезде әлгі неміс бір апта уақыт беруін өтінеді. Оның себебін сұрағанда, көлікті бір мұсылманнан сатып алғанын және ішінде біраз нәрселері жетіспейтінін, соларды түгендеп болып әкелетінін айтады.
Әке мен бала өздері де көлігін сатқан кезде солай заттарын алып қойғандықтан, мұндай көлікке да риза екендіктерін жеткізеді. Алып кетуге дайын екендіктерін айтады. Бірақ неміс сатушы көлікті мұндай жарамсыз халде сата алмайтынын айтады. Не бір апта уақыт беріп күтеді, не көлікті одан сатып ала алмайтынын анық айтады. Өйткені, бұл оның қағидасы еді. Барлық жағынан жарамды болғанда ғана басқаларға сата алатынын түсіндірді.
Сонда мұсылман әке-бала бұл неміс (мұсылман емес) кісінің адамгершілігіне қатты таң қалады. Өзі үлкен мұсылман кісі, ұлы имам бола тұра алдында ғана өздері көліктерін сатқан уақытта жасаған әрекеттеріне қатты ұялады. "Бір мұсылман өзіне қалаған нәрсені бауырына да қаламайынша нағыз иман келтірген болып саналмайды" деген Пайғамбар (с.а.с.) хадисін жақсы-ақ білетін. Бірақ оны іс жүзінде орындай алмаған, керісінше бір мұсылман емес адам іске асырып тұр еді... Мұсылман болмаған бір адамның бойынан мұсылмандық сипатты көрді. Және Исламды қабылдаған, тіпті бірі Имам бола тұра, өздерінің бойында мұндай мұсылмандық сипаттың табылмағанына қатты өкінді...

P.S. Тақырыптағы "мұсылман емес" сөзі діннен шығуды меңзеп тұрған жоқ. Тек мұсылмандық сипат болмағанын айтқан әке сөзінен алынған.

 

Қағаз бетіне түсірген Шынар Ә.Т.

имам, Мұсылман, адамгершілік, ислам, автокөлік, неміс, Германия, дін, религия, мұсылмандық сипат
ShynarShynar
9 жыл бұрын 4595
0 пікір
Блог туралы
0
197372 301 569 1564 248