«РАХАТҚА БОЛА БЕС КҮНГІ, РЕНЖІТЕ КӨРМЕ ЕШКІМДІ»
Адам - пенде. Пенде болған соң әркез түрлі көңіл күйді бастан кешеді. Торығу, мұңаю, күйіну, сүйіну, өкіну - бәрі де екі аяқты, жұмыр бастыға тән қасиеттер. Кейде жалғыз ауыз жылы сөзге балаша мәз болса, кейде болмашы нәрсеге бола қатты құлазып, жүрегі мұздап, жаны сыздап, сол сәт өмірден безіп кеткісі келеді. Жақын адамыңыздың кейде аяқасты бұртиып, томсырайып қалғанын көресіз. Сол сәт ішіңіз қылп етіп, өкпелетіп алғаныңызды сезесіз. Өйткені, өкпелегіштік те соған тән мінез. Ондайда ол теріс қарап сөзіңді естімегенсиді я жүре сөйлеседі, тіпті ләм-мим деп тіл қатпай қоюы да мүмкін. Телефонын...