Сіз басқаларды көп ренжітесіз бе әлде өзіңіз басқаларға көп ренжисіз бе???
Сіз басқаларды көп ренжітесіз бе әлде өзіңіз басқаларға көп ренжисіз бе???

Алдындағы жариялаған Құдайберді Бағашар ағамыздың мақаласында адамдарды ренжітпеу туралы өте жақсы жазылған екен. Соны сіздермен бөліскім келген!

 

Сонымен қатар, бұрын бір жерден оқығаным ба, естігенім бе бар еді...

Соны да осында бөлектеп шығарғым келді!

Көбінесе адамдар басқаларды ренжітпеуге көңіл бөлуге тырысып жатады. Ол туралы әңгіме де көбірек қозғалады. Адамдар сөйлеген сөзінде, жасаған іс-әрекетінде басқаларды ренжітуі мүмкін деген жайттарға мән беруге тырысып бағады. 

Бірақ...

Бірақ, осының жанында адамның өзінің де басқаларға ренжімеуі деген мәселесі қалып қоятын сияқты. Қалай дейсіздер ғой?! 

Бізге біреу ұрысып жатса, жамандап жатса немесе бір жамандық жасаса, біз қаншалықты салқынқандылық сақтай аламыз? Ол адамға ренжімей, бұрынғыдай қарым-қатынасымызды сақтап қала аламыз ба? Бұл өте маңызды мәселе екен. Өйткені, әлі де ақиқатты түсінбей, өз-өзін тәрбиелей алмай жүрген қаншама жан бар?! Олардың біреуі болмаса, біреуі келіп, бетімізге немесе сыртымыздан неше түрлі нәрсе айтып, тіпті жасап кетуі мүмкін. Сондай жағдайда бірден көңілімізге алып қалмай, ренжімеуіміз керек екен нағыз мұсылмандықты көрсете білу үшін! 

Пайғамбарымызды (с.а.с.) өнеге етіп алайық, әрдайым жасайтынымыздай! Ол Аллаһтың ақиқат дінін түсіндіру үшін барған әрбір жерінде оған деген қарсылықтарға тап болды. Адамдар оның мүбәрак бетіне түкірді, арқасына түйенің ішек-қарнын ақтарып төкті, артынан тас лақтырып аяқтарын қан-жоса қылды, тағы осы сияқты сорақылықтары көп уақыт жалғасты. Осының барлығына мейірім Пайғамбары (с.а.с.) ренжіген жоқ, олар білмейді ғой деп қойды. Тіпті оларға дұға етті!

Біз де осы Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мінезінен үлгі алуымыз керек-ақ!

Адамдардың бізге ұнамайтын іс-әрекетінен, сөздерінен көңіліміз түссе де бастысы жүрегімізде ол адамдарға деген реніш, өкпенің орын алуына жол бермеуіміз қажет!

Дінімізде адамдардың арасында реніш, түсініспеушілік, кек сақтау деген нәрселердің болуына тыйым салынған. Яғни, хадисте айтылғандай үш күннен асырмау қажет шарты. 

Бірақ енді үш күннен асырмаймыз деп жақындарымызбен ұрысып, ренжісе беру деген сөз емес қой бұл!

Бір нағыз мұсылманға жарасатыны басқаларды ренжітпеу де және өзі де басқаларға ренжімеу де. Екеуі де қатар болуы керек!

 

Шынар Ә.Т.

ислам, дін, сүннет, пайғамбар, Аллаһ, көркем мінез, религия, ренжу, ренжітпеу, ренжіту, ренжімеу
ShynarShynar
9 жыл бұрын 7090
4 пікір
  • өте қиын нəрсе,өзім де ренжим,басқаларды да ренжітіп алам,бірақ кейін кешірім сұраймын,дегенмен тақтайға қағылған шегені алып тастасаң да үңірейіп із қалып қояды ғой.бұл нəрсені мүлдем жою ауыр болар,бірақ күресуге болады.себебі адамның хақысы бар.сол ренжіткен адам хақыңды адал етпейінше Аллаһ та кешірмейді екен.Сондықтан сақ болуға шақырамын!
    9 жыл бұрын
    • Иә, кісі ақысы болатындығы бұл мәселенің маңыздылығын тағы да айқындай түседі!
      9 жыл бұрын
  • Ренжімеуге де, ренжітпеуге де тырысамын. Бірақ пенде болған соң боп қалады арасында. Кешірім сұраудан да, кешіруден де ұялмаймын. Алла кешірімдіні жақсы көреді.
    Бірақ әділетсіздікті көріп тұрып, ренжіп қалады екен деп айтпай да қоймаймын. Қатесін мойындатуға тырысамын. Өзім қателессем де, ертерек кешірім сұрап мойындауға тырысамын.
    9 жыл бұрын
    • Әрине, әділетсіздіктің жөні бөлек қой! Хадистің өзінде бір жамандық көрсең, ісіңмен, болмаса, сөзіңмен түзе демей ме?!
      9 жыл бұрын
Блог туралы
0
197372 301 569 1564 248