АЮДЫ ЖЕҢГЕН – ЖАРТЫ БАТЫР, АШУЫН ЖЕҢГЕН – БҮТІН БАТЫР
«Адамның кейбір кездері» демекші, екі аяқты, жұмыр басты пендеге берілген көптеген мінездің қатарында ашудың да бар екені белгілі. Өмірде көп жағдайда өкінтіп, опық жегізетін мінездің бірі осы. Істің алды-артын аңдатып үлгертпейтін ашуды жеңе білудің жолы бар ма? Ислам дінінің бұл тұрғыдағы тәлімді кеңесі қандай? Адамға ашу не үшін берілген? Ашу – қандай да бір істі, қылықты ұнатпағанда, жақтырмағанда еріксіз туатын оқыс мінез. Артық мазалағанда сәбидің де ашуланғанын көресіз, демек, ашу әр адамда тумысынан бар мінез. Бір қызығы, әр адамның ашулануы әр қилы. Сабырлы...