Сіз қалай пайдаланып жүрсіз?..
Сіз қалай пайдаланып жүрсіз?..

Күллі әлемді жаратқан Аллаһ Тағала еркіндікті де жаратыпты. Оны кімге берсем деп ойлана отырып «Тіршілік содан нәр алады, бәрін көтерсе де қыңқ демес қара нарым ғой, осы еркіндікті Жерге беріп көрейінші» десе, қара Жер: «Жоқ, Аллам, маған оны бере көрмеші? Сол еркіндікті иеленем деп, паңданып, пендешілікке салынып, бір сәт орбитамнан шығып кетсем қандай масқара болмақ! Мен оның жазасын тартқым келмейді!» – депті. Сосын Аллаһ ол еркіндікті екеніші алып – тауға сыйламақшы болады. Сонда көк аспанмен таласатын тау да «Жоқ Аллам, маған бере көрмеші? Мына алып денеммен сен жаратқан жаратылыстың бір пұшпағын құртып кетуім мүмкін ғой. Тозақ отына өртенгім келмейді пендешілікке салынып!» – депті. Ағаштар да: «Біз бір Өзіңді мәңгілік зікір етіп тұра берейік! Еркіндікке ие болып қатты діңгегімізбен әлдекімді ұрып, әлдекімге зәбір көрсетсек, оның айыбын өтеу қиын біз үшін!» – деп жалбарыныпты. Еркіндік мәселесі Адамға келгенде ол еш ойланбастан: «Жақсы, Аллаһ Тағала! мен ол еркіндікті алғым келеді» – деп алған екен дейді. Сол күннен бастап басқа күллі жанды-жансыз тірлік өздері қалаған еркіндіксіз ғұмырға ие болса, адам баласы еркін өмір сүріп келеді екен. Ол не істеймін дейді – өз еркі. Осы еркіндікті сіз қалай пайдаланып жүрсіз?

ShynarShynar
9 лет назад 3761
7 комментариев
  • Бізге сол еркіндік берілгені үшін ақыретте әрбір ісімізден сұралатынымызды ұмытпайық!
    9 лет назад
  • Интернеттен оқығаным: менмендіктен ажырап, ашуға ашкөздікке ерік бермей, шынайы Жаратушысына мойынсұну Еркіндіктің нақ өзі.
    9 лет назад
  • Иә, тек қана Аллаһқа құл болу басқа құлдықтан босататыны сияқты Аллаһқа мойынсұну нағыз еркіндік болмақ! Және есебі да оңай болары анық...
    9 лет назад
  • Қандай істе де Аллаға тәуекел етсек, жемісі тәтті болмақ. Алла шебер ғой, бізге не керек екенін бізден жақсы біледі.
    Мен еркіндікті Аллаға тәуекел ету деп білем. Қатты қиналғанда тәуекел, Алла білуші десем, артынан жақсылық болады.
    9 лет назад
  • Аллаһ тәуекел етушілерді жақсы көреді...
    9 лет назад
  • Өткен аптада қатты қиналғаным бар. Бірақ Алла білуші, тәуекел деп едім, сол қиналу мен үшін өте хайырлы болды, айтуға сөзім жоқ. Аллам сол кезде мені бір пәлекеттен сақтапты. Аллаға сансыз шүкірлер болсын.
    9 лет назад
    • Иә, негізі әрдайым солай болады ғой! Не болса да әйтеуір бізге бір жақсылығы болады! Бірақ, өкінішке орай, біз оны басында біле алмаймыз...
      9 лет назад
О блоге
0
197372 301 569 1564 248
Прямой эфир