Қайыры бар... (ғибрат хикая)
Қайыры бар... (ғибрат хикая)

Баяғы өткен заманда бір патша болыпты. Өзі өте әділ, жұртына мейірбан екен. Ұмытпасам, «әділ басшыға жақсы қосшы берем» деген мәнде хадис болса керек, ол кісінің уәзірлері де иманды, өмірдің мәнін білетін жандар екен. Бас уәзірі үнемі, қандай іс болмасын «бұның да бір қайыры бар, патшам», – деп отырады екен. Бір күні патша үстелінің үстіндегі алманы пышақпен кесіп жеймін деп, саусағын орып алыпты / патшалардың пышағы тым өткір болады ғой/. Бұны көрген бас уәзір «Бұның да бір қайыры бар, патшам», – деп, дәкемен қолын байлайын деп жатса, қолы ауырып, жаны қиналып отырған патша: «Менің азап шегуімнен қандай жақсылық күтуге болады? Апарыңдар мынаны зынданға!» – деп айқалапты. Қос уәзір екі қолтығынан сүйреп алып кетіп бара жатса, жаңағы уәзір тағы да «Бұның да бір қайыры бар, патшам» депті. Әлбетте, патша «мынау сау ма өзі?!» деп ойлаған болар. Уақыт зулап, бір күні патша жанындағы уәзірлерін ертіп аңға шығыпты. Бір киікті қуа-қуа күн батып кеткенін де аңғармай қалыпты. Адасқан топ бағытсыз, бағдарсыз келе жатып, бір жабайы тайпаның қолына түсіпті. Олар адам етін азық қылады екен. Қырық уәзір, бір патшасымен – оңай әрі мол олжаға кенеліп қалыпты. Басында «Мені бірінші жемесе екен?» -деп тілеген топ, келе-келе ажал күтудің азабынан тезірек құтылу үшін «Мені бірінші жесе екен?» – деп тілепті. Сонымен не керек, ең соңғы кезек патшаға келеді. Олардың дәстүрі бойынша құрбандықтарын отты айналдырып жүргізеді екен. Патша да отты айналып жатқанда әлгі тайпаның бір адамы патшаның саусағы шолақ екенін байқап қалып, оны өз патшаларына айтыпты. Олар бір ауыздан «бұның етінің дәмін біреулер татып көрген екен, арам болған соң, тиіспепті, біз де жемейік» деп, оны босатып жіберіпті. Арып-ашып, сақал-шашы, тырнағы өсіп, патша өз еліне келеді. Әбен тозған бір адам келіп: «Мен сендердің патшаларыңмын», – десе, сіз сенер ме едіңіз? Олар да сенбепті. Патша барлық өткен өмірін, уәзірлерін т.б. деректерін дәлелдеген соң барып, таққа отырғызыпты. Достарын, өзіне сенімді серкітерін сағынған патша өзі бұрын зынданға тастатқан уәзірін шақыртыпты. Тырнағы көбесінен айырылып, өкпесінен сыз өтіп, ауырған уәзір сүйегін сүйретіп патшасының алдына жетіпті. Оны жуындырып, тамақтандырып, демалдырған соң, патша сөйлесуге шақырып, басынан кешкендерін айтып, кешірім сұрапты. Сонда әлгі уәзір:

– Патшам, айттым ғой, айттым. Қайыры болыпты ғой, шүкір! – депті. Патша таңданып:

– Қалайша? Қандай қайырын көріп тұрсың? – десе:

– Сіз саусағыңызды орып алмағаныңызда, мен «қайыры бар» деп айтпас едім. Сіз саусағыңызды садақа қылып, жаныңызды аман алып қалыпсыз, ал мен сол сөзді айтып, болашақ өмірімді сақтаппын. Кім біледі, мүмкін мен де өзге бауырларым сияқты адам жегіш тайпаның тамағы болар ма едім? – депті.

Пы. Сы. Бұл әңгімені естіген достарым былай дейді:

«Кейде біз автобусымыз кетіп қалды деп ренжиміз, Аллаһ біздің өмірімізді сақтау үшін сол көлікке отырмағанымызды қалаған шығар. Кейде біз қолымыз жетпеген бір бақытқа налимыз, мүмкін сол бақытқа қолымыздың жетпегені – біз үшін бақыт шығар»…

ShynarShynar
9 лет назад 5948
5 комментариев
  • Omir
    Егер мен жәй қарапайым адам болмай бір мықты профессор болғанымда атеист не кәпір болып кетерме едім. Не бір Шейхтын баласы болып туылып білімімнен пайда болмай адасқан тәкаппар біреу боларма едім.Алла біледі.Семіздікті қойғана көтерет.Алла құлына не керек екенін біледі.Тағдырға мойынсұну керек.
    9 лет назад
  • Omir
    Мен жоғарыдағы жазған пікірім исламға қайшы келетін болса ескертулеріңізді сұраймын.
    9 лет назад
    • Оте дурыс, келисемин ойынызбен. Бул тагдырга мойынсуну гой негизи да?, бирак колым калаган нарсеге жетпегенде жамааан болам...
      9 лет назад
  • йа айтуға оңай əрине,басқа түскенде білінеді кімнің кім екені!Сабыр етіп,мойынсұнған қалпымызды сақтай алу маңызды!
    9 лет назад
    • Иә, алдындағы бір жазбамда жазылғандай Аллаһтан келген екенін ұғынып, жақсылыққа да, жамандыққа да ризалық таныта білу керекпіз!
      9 лет назад
О блоге
0
197372 301 569 1564 248
Прямой эфир