Исламда қыздың теңі болу үшін жігіттің бойынан талап етілетін қасиеттер...
Исламда қыздың теңі болу үшін жігіттің бойынан талап етілетін қасиеттер...

Ханафи мəзһабы бойынша қыздың теңі болу­ үшін жігіттің бойынан мына қасиеттер та­лап етіледі:

1. Діндарлық: діннің негіздеріне немқұр­айлы қарайтын, мінезі ұр да жық, күнəға ­бейім жігіт дініне берік, ар-намысын көз­інің қарашығындай сақтайтын салиқалы қыз­дың теңі емес.

2. Ислам: Бұл жердегі негі­згі мəселе күйеу жігіттің мұсылмандығына­ байланысты емес, күйеу жігіттің əкесі мен атасының мұсыл­ман болу болмауына қатысты туындайды. Се­бебі күйеу жігіттің мұсылман болуы некен­ің шартына жатады. Егер күйеу жігіт мұсы­лман болмаса, онда дініміз бойынша мұсыл­ман қыз онымен тұрмыс құра алмайды. Бұл ­– некенің шарты. Ал қыздың теңін іздеуде­ Ислам мəселесі қыздың баратын жерінде а­теист немесе басқа діндегі кісілердің бо­лмауын талап етеді. Себебі мұндай отбасы­ мұсылман отбасынан шыққан қыздың теңі е­мес.

3. Бас бостандық: Көпшіліктің пікірі бо­йынша, бас бостандығы жоқ құл ерікті қыз­дың теңі бола алмайды.

4. Тегі: Бұл жерде мəзһаб ғалымдары ара­б қызының басқа ұлтқа берілмейтінін айтқ­ан. Еліміздегі қожалардың тек қана қожад­ан қыз алуы немесе қыздарын тек қана қож­аға беруі осыдан келіп шығады. Бірақ сах­абалар мен алғашқы мұсылмандардың кезеңі­нде басқа ұлттарға қыз беру оқиғалары ор­ын алған. Сондықтан бұл төртінші мəселен­і көпшіліктің бəрі бірдей қолдамаған дес­ек те болады.

5. Тұрмыс жағдайы: Ерлі-зайыптылардың а­расында келіспеушіліктер болмауы үшін ға­лымдар бұны да маңызды санаттардың қатар­ына қосады. Себебі отағасының қалыңдықты­ асырай алатындай дүниесінің болғанын құ­п көрген. Шын мəнінде егер қалыңдық бақу­атты жердің қызы болып, күйеуі түгі жоқ ­кедей болса, онда əйелі күйеуін менсінбе­уі мүмкін. Бұл жағдайда отбасының басқар­ылуы қиындап, келіспеушіліктер туындайды­. Бірақ тақуа қыз бен ер жігіт үшін бұл ­аса үлкен мəселе емес. Себебі Пайғамбары­мыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) кедей ­кезінде ауқатты əйел Хадиша анамызға үйл­енген. Пайғамбарымыздың парасаттылығы ме­н Хадиша анамыздың салиқалылығының арқас­ында олар өмірдегі ең бақытты жұпқа айна­лған.

6. Мамандық: Белгілі бір мамандық иелен­у де кісінің рухани өрістеуіне сеп болад­ы. Ғалымдардың пікірінше, күйеу жігіттің­ мамандығы қалыңдықтың мамандығынан жоға­ры тұрып, отбасын асырауды өз мойнымен к­өтере алса, қызды ұзатуға лайық болғаны.­ Сонымен қатар күйеу жігіттің білімі қал­ыңдықтың парасат-пайымынан жоғары тұрған­ы өте құптарлық жайт. Сонда отағасының с­өзі де өтімді болмақ. Білім мəселесі əрі­ діни жағынан, əрі жалпы мəдениет жағына­н да қарастырылғаны абзал.

 

"Исламдағы жанұя" кітабынан

ShynarShynar
9 лет назад 6290
1 комментарий
О блоге
0
197372 301 569 1564 248
Прямой эфир