4 нәрсені қорға, 2 нәрсені ұмытпа, 2 нәрсені ұмыт!.. (өсиет)
Төрт жерде төрт нәрсені қорғау, екі нәрсені ұмытпау, екі нәрсені ұмыту керек. Ол не? Қорғалатын нәрселер: намазда көңіл, халық арасында тіл, ас ішкенде тамақ, кісі үйінде көз. Ұмытылмайтын нәрселер: Аллаһтың ұлылығы және өлім. Ұмытылуы тиіс нәрселер: біреуге жасаған жақсылығың және саған жасалған жамандық.