Тағдырдың бізге не дайындап қойғанын білместен асығыстық жасап қате жорамалдамаңыз!.. (ғибрат хикая)
Тағдырдың бізге не дайындап қойғанын білместен асығыстық жасап қате жорамалдамаңыз!.. (ғибрат хикая)

Асығыстық жасамаңыз...

Бұл оқиға Қытайда болған екен. Бір ауылда өте кедей, кәрі кісі болыпты. Жаңағы кедейдің аппақ бір аты болған екен. Ол елдің ханы болса оның кедейлігін да көре алмайтын біреу болыпты. Хан кедейге алтын мен ақша берем деп қанша айтса да, қария атын сатпапты. ‘Бұл ат жай бір ат емес, мен үшін бір дос. Досты сату мүмкін емес’ деп айтыпты ханға…

Бір күні таңертең қараса, ат жоқ…. Ауыл жамағаты қарияға ‘Ақымақ екенсің! Ханның қалаған нәрсесін саған тастамайтыны, сатып ала алмаса, күшпен алатыны белгілі-ақ еді. Ханға сатып, алтынға батар едің. Енді қазір ақшаң да жоқ, атың да жоқ’ деп ұрысқан екен. Қария: ‘Асығыстық жасамаңыз’ деді. ‘Білгеніміз – аттың жоғалғаны. Солай айтыңыз’ депті. 'Өйткені аттың жоғалғаны ақиқат, қалғанының бәрі сіздің ой-пікіріңіз. Аттың жоғалғаны мен үшін бақыт па, бақытсыздық па – ол жағы белгісіз. Өйткені бұл оқиға тек қана басқа оқиғалардың басы. Аяғы қалай болатыны беймәлім’. Ауылдағылар қарияға күліп, үйлеріне тарады.

15 күн өтпей, ат қайта оралды… Сөйтсе, ешкім оны ұрламапты, тауда жүріпті. Қайтқан кезде де, өзімен бірге тағы 12 жабайы атты ертіп алып келіпті. Ауылдағылар мұны көре салып, қариядан кешірім сұрапты. ‘Әкетай, Сіздікі дұрыс болған екен. Атыңның жоғалғаны бақытсыздық емес, бақ құсы болыпты сіз үшін. Қария: ‘Тағы да асығыстық жасап жатырсыздар’ депті. ‘Аттың қайтып келгенін айттыңыз. Білгеніміз осы ғана. Кейін не боларын көре жатармыз. Бұл да тек қана бір бастама… Бір сөйлемнің бірінші сөзін ғана оқып кітап жайлы қалайша айта аласыздар!?’ Бұл жолы ауыл қауымы қарияны мазақ етуге қысылса да, араларында кейбіреуі ‘Алжыған болар?’ деп тұрды.

Бір апта өтпей жабайы аттарға мінемін деп қарияның жалғыз ұлы аттан құлап, аяғын сындырып алады. Үйдің нанын тауып жүрген бала енді біраз уақыт төсек тартып жататын болды. Ауылдағылар: ‘Тағы да дұрыс айтқан екенсің. Бұл аттардың кесірінен жалғыз ұлын төсек тартып жатыр. Одан басқа ешкімің де жоқ. Енді бұрынғыдан да жаман, кедей боларсың?’ дегенде, қария: ‘Сіздерде асығыс шешім қабылдау әдеті бар сияқты. Неге  әрдайым асығыстық жасайсыңдар?. Баламның аяғы сынды. Ақиқат осы ғана. Қалғанының бәрі сіздің ойыңыз. Өмір осындай кішкентай сынақтардан тұрады. Ертең не болары бізге беймәлім.’

Бірнеше аптадан соң елді дұшпан әскерлері басып алды. Хан жас жігіттердің бәрін әскер болуға шақырды. Қарияның аяғы сынған ұлынан басқасының бәрін әскерге алып кетті. Ауыл қайғыруда. Өйткені шайқасты жеңіп шығу мүмкін емес, кеткен жастардың да өлетіні айдан анық еді. Қарияға: ‘Айтқаның рас болып шықты. Аяғы сынық болып жатса да, ұлың қасыңда. Біздің балаларымыз болса, қайтып келе алмайтындары анық’ ‘Әлі де асығыстық жасап жатырсыздар’ дейді қария. ‘Не болатынын ешкім біле алмайды. Білгеніміз – менің балам қасымда, сіздердікі әскерде… Осылардың қайсысы бақыт, қайсысы бақытсыздық екенін айта алмаймыз...’

 

Өсиет: Асығыстық жасамаңыз! Өмірдің кішкентай ғана бөлімін көріп, келер нәрсе жайлы шешім қабылдамаңыз. Шешім ақылдың тоқтап қалуымен пара-пар. Шешім қабылдасаңыз, ақыл әрі қарай ойлауды тоқтатады. Осыған қарамастан ақыл адамды бір шешім қабылдауға үнемі итермелеп тұрады. Өйткені, үнемі бір нәрселерді ойлау адамға қиын. Алайда, бұл жол ешқашан бітпейді. Бір есік жабылса, басқасы ашылады. Бір мақсатқа қол жеткізген болсаңыз, едәуір үстем бір мақсаттың барын көресіз...

ShynarShynar
9 лет назад 6967
3 комментария
  • Ғибратты әңгіме екен. Сол кейде сабырымыз жетпей, асығыс шешім қабылдап, бармағымызды тістеп қаламыз.
    9 лет назад
  • Аллаһқа сенбейтін адамның өзі әрбір істің артында бізге беймәлім сырлар жасырынғанын айтып, басқаларды сабырға шақыруда. Ал, біз, мұсылман болып Аллаһқа, тағдырға иман келтіргендіктен әрбір істің қайыры бар екенін әсте ұмытпауымыз керек. Басымызға келген әр нәрсеге сабырымызды тауысып, шағымданып, тағдырға қарсы шығып кетпейік! Аллаһ Тағала бізді бізден артық Білуші! Тәуекел ете білейік!
    9 лет назад
  • Йə айту оңай ау,басқа қиындық түскенде білінер жағдайымыз!жеке өзім туралы айтып отырмын!
    9 лет назад
О блоге
0
197372 301 569 1564 248
Прямой эфир