Рамазан келді, қош келді!
Жүректен шыққан, ілімін қосқан өзекті ой... Рамазан. Рамазан сөзі кішкентай кезімізден белгілі, естіп жүрген сөзіміз. Ай санауы бойынша 12 айдың бірінің аты болғанымен, басқа айлардың аттары оншалықты таныс емес еді... Зулхиджа, Зулқағда, Жумадәл-Әууәл, Рабиул-Әууәлдарды кейін естігенде қызық көрінген еді. Рамазан сияқты олар да айлардың аттары екен-ау деп таңқалған едім. Рамазан сонау кішкентай кезімізден неге таныс екені айтпаса да түсінікті жайт болар. Ораза айы болуымен ерекшеленген, барлығы білетін Рамазан... Шынымен де бір нұр шашқан ай! Ерекше ай... Бірақ... Бірақ жай көзбен қарағанда...