Тағдырдың бізге не дайындап қойғанын білместен асығыстық жасап қате жорамалдамаңыз!.. (ғибрат хикая)
Асығыстық жасамаңыз... Бұл оқиға Қытайда болған екен. Бір ауылда өте кедей, кәрі кісі болыпты. Жаңағы кедейдің аппақ бір аты болған екен. Ол елдің ханы болса оның кедейлігін да көре алмайтын біреу болыпты. Хан кедейге алтын мен ақша берем деп қанша айтса да, қария атын сатпапты. ‘Бұл ат жай бір ат емес, мен үшін бір дос. Досты сату мүмкін емес’ деп айтыпты ханға… Бір күні таңертең қараса, ат жоқ…. Ауыл жамағаты қарияға ‘Ақымақ екенсің! Ханның қалаған нәрсесін саған тастамайтыны, сатып ала алмаса, күшпен алатыны белгілі-ақ еді. Ханға сатып, алтынға батар едің....