Шайтанның жолымен жүрмейік!!!
Шайтанның жолымен жүрмейік!!!

Бірде бір күнәһар адам мешітте азан шақырылып жатқанына қарамастан, мән бермей, тыңдамай мешіт жанынан бей-жай қарап өтіп бара жатады. Сонда әлгі адам мешітке намаз оқуға бара жатқан адамдарды жолдарынан қайтару үшін азғырып тұрған шайтанды көреді. Мешітке жол алған жамағаттың әрқайсысына әр түрлі нәрселер айтып, барын салып, қайтаруға тырысуда. Айналадағы барлық адамдарды азғырып жатқанын көріп, әлгі адам неліктен өзін азғырмайтынын сұрайды. Сондай шайтан:

- Сен онсыз да менің артымнан жүрген жансың ғой, -деп жауап береді.

 

Иә, күнәһар адамдарды азғырып шайтан күші мен уақытын несіне сарп етсін?! Олар азғырмай-ақ шайтанның жолында жүргендер емес пе?! 

Аллаһ бізді тек қана Өзінің жолында жүрушілерден етсін!!!

 

Шынар Ә.Т.

ShynarShynar
9 лет назад 3380
0 комментариев
О блоге
0
197372 301 569 1564 248
Прямой эфир