Садақаны дәулетіңе сай бер!
Садақаны дәулетіңе сай бер!
Ләйс бин Сағд бал сататын саудагер екен. Күндердің күні бал толтырылған бөшкелерді тиеген кемесі жағаға келіп тоқтайды. Қолында шағын ыдысы бар бейтаныс қарт әйел келіп, саудагерден аз ғана бал сұрайды. Алайда, саудагер бермейді. Әйел де дауласпай жөніне кетіп қалады. Ләйс өзінің көмекшісіне «әлгі әйелдің үйін, мекенжайын тауып, бір бөшке бал жеткізіп беріңдер» деп тапсырады. Көмекшісі «құп болады» деп, артынша: «Кішкене ғана бал беруден бас тартып, соңыра бір бөшке бал беруіңізді сыры неде?» деп сұрайды. Ләйс бин Сағд: «Е-е, балам! Ол әйел өзінің шамасынша сұрады, ал мен өз шамама сай берудемін» деген екен.
 
Егер садақа беруші бұл құлшылықты шынайы түрде жете түсінсе, беріп жатқан қайырымдылығы кедейдің қолына тимей жатып, Алланың құзырында қабыл болатындығын білсе, алушының рақатынан берушінің рақаты басым екенін ұғынар еді. Садақаның көл-көсір пайдасын қысқа да, нұсқа етіп айтар болсақ:
 
1.Садақа – жәннат қақпаларының бірі;
 
2.Садақа – ең ізгі амалдардың қатарынан;
 
3.Садақа – қиямет күні иесіне сая және көлеңке;
 
4.Садақа – Жаратқанның қаһарын, қабірдегі аптап ыстықты басады;
 
5.Садақа – марқұмға сауабы тиетін ең қайырлы амал;
 
6.Садақа – адамның жанын тазалап, сауабын еселей түседі;
 
7.Садақа – қайырымдылық жасаушының жүзін қияметте нұрлы етеді;
 
8.Садақа – ең үрейлі күні (қияметте) адамға қауіпсіздік сыйлайды;
 
9.Садақа – күнәнің кешірілуіне себепкер;
 
10.Садақа – періштелердің дұға етуіне себеп және өмірінің соңы жақсылықпен тәмамдалуына сеп;
 
11.Садақа беруші – ең жақсы адамдар қатарынан, ал садақаның сауабына оған септігі тиген әркім ортақ;
 
12.Садақа иесіне мол жақсылық уәде етілген;
 
13.Садақа беру тақуалардың сипатынан;
 
14.Садақа – қолы ашықтық пен жомарттықтың айқын белгісі;
 
15.Садақа – дұға-тілектің қабыл болуының үлкен себепшісі;
 
16.Садақа – жамандық пен пәлені қайтарушы;
 
17.Садақа – өмірді ұзартып, ризық-несібені молайтады;
 
18.Садақа – дертке дауа, сырқатқа саулық сыйлайды;
 
19.Садақа – өрт, суға кету, ұрлық және жаман өлімнен қорғайды;
 
20.Садақа жануарлар мен құстарға берілсе де сауапқа ие.
ShynarShynar
8 лет назад 7599
1 комментарий
  • Алла тағала баршамызға садақа берушілерден болуды нәсіп қылсын! Бала-шағамызға қайырымды, әке-шешелерімізге ізетшіл, ағайын-туысқа бауырмал болайық. Көрші мен біздерге Алла жолықтыратын мұқтаж жандарға ең кемі жақсы сөз, жылы жүзбен жақсылық жасайық. Елімізге амандық,елдің қамындағы асыл азаматтарға Алладан иман, тауфиқ тілеп, дұғамыздан тастамайық.
    8 лет назад
О блоге
0
197372 301 569 1564 248