Атақты, бірақ дүниедегі ең кедей адамдар туралы өлең... (Ислам тұрғысынан)
Атақты, бірақ дүниедегі ең кедей адамдар туралы өлең... (Ислам тұрғысынан)

 

Мына жерде атақты әрі ең бай адамдар туралы жазылған екен, ал мынау атақты бірақ ең кедей адамдар туралы өлең:

 

Балуан көп елге шыққан атағы,

Талайлардың жетi бұрар желкесiн.

Бiрақ солар таң намазда жатады,

Гир түгiлi көтере алмай көрпесiн.

 

Боксшы көп елге шыққан атағы,

Шаршы алаңда дес бермейтiн қырандай.

Бiрақ солар таң намазда жатады,

Шайтан соққан нокауттан тұра алмай.

 

Футболшы көп елге шыққан атағы,

Көк алаңға бұрған талай ат басын.

Бiрақ солар таң намазда жатады,

Нәпсiсiне ашып қойып қақпасын.

 

Әншiлер көп елге шыққан атағы,

Тыңдаған жұрт сезімді ойлар сенделіп .

Бiрақ солар таң намазда жатады,

Iбiлiстiң әлдиiне тербелiп.

 

Әртістер көп елге шыққан атағы,

Сайран салған сахнаның төрінде.

Бірақ солар таң намазда жатады,

Ұйқыдағы кейіпкердің рөлінде.

 

Ақындар жүр елге шыққан атағы,

Махаббатқа жыр-өлеңiн бағыштап.

Бiрақ солар таң намазда жатады,

Дiнге деген махаббаттан алыстап.

 

Атақ, бедел, билiк, көлiк, жақсы үйiң,

Жүрегiңе дұрыс емес орнаса.

Ел алдында абыройың бес тиын,

Алла алдында абыройың болмаса.

Мейіржан Әлібеков

ShynarShynar
9 лет назад 14465
9 комментариев
  • Алла разы болсын сизге Шынар ,сиздин блогыныздан кашанда жаксы позитивти ,кызыкты,кыскада-нуска ари тусиникти макалалар окып отырамын! Бугинги такырыбынызда оте жаксы-зор насихат болды!Алла сизге жаннатты насип етсин жане барша мусылмандарга!
    9 лет назад
    • Әмиин! Аллаһ Тағала барлығымыздан разы болсын!
      9 лет назад
  • Жүрегіңде иманың, намазың болғанымен де, иманың әлсісеп, намазың срей беруі ғажап емес, иманды арттырып отырмаса.
    Өз басым бірнеше адамды білем намаздарын тастаған, дегенмен адам намазды емес, намаз адамды тастайды емес па.
    Алла сондайдан сақтасын, Иманымызды арттырып, тура жолдан тайдырмасын. Алланың маңдайымызға жазған сынағына сабыр етіп, қолымыздағы дүниеге шүкір етейік.
    Алла сүйген құлын ғана сынайды.
    Алладан намазым мені тастамасыншы деп дұға етем. Қорқам. Мына қызылды-жасылды дүние бас айналдырады.
    9 лет назад
    • Мұнымен айтпағым, басқа біреулерді сынағанша өз иманымызды арттырайық. Жоғарыда айтқан атақты адамдардың ішінен де иманды адамдар жетерлік.
      Ақыретте ең алдымен сұралатын өз намазымызға абай болайық. Ал намазсыз жүрген адамды көрсеңіз оған дұға етіңіз пайдасы көбірек болар еді.
      Қатты айтсам кешірім өтінем.
      9 лет назад
      • Айтуға оңай.
        9 лет назад
      • Имандылардың көбейіп келе жатқаны рас және қуантарлық жайт. Бірақ басқаларына да ой салу үшін осындай дүниелер де керек деп ойлаймын. Тек қана өзімізді ойламай, басқаларға да түсіндіріп жеткізуге, әсер етуге, пайдамызды тигізуге тырысуымыз керек деп есептеймін...
        9 лет назад
  • Кобимиз естигенбиз бул хадисти бир-ак дуние жузиндеги 10 бай адаммен салыстыра келе номерлеп 1орында тан намазынын 2ракагат суннет намазын окыган адам озатындыгын жетип тусиндирген,осы фонды ойлап тапкан жане соны осы сайтка еринбей изденип блогка жазган Шынар алгысым шексиз! Болмаса талай макала окып жатырмыз кобиси бирин-бири мукату,сынау бир-биринин айыбын айту,одан кала берди жага устатарлык жала макала "халял-проституция"(астагфираллах)исламда жок нарсени бар деп!сол ушин осы пикирди калдырып отырмын! Олен жолдарыда жаксы,БИЗГЕ ОСЫДАЙ дурыс макалалар коптеп кажет!
    9 лет назад
  • Алла разы болсын!!! Аллаһу акбар! Керемет!
    9 лет назад
О блоге
0
197372 301 569 1564 248