Мына жерде атақты әрі ең бай адамдар туралы жазылған екен, ал мынау атақты бірақ ең кедей адамдар туралы өлең:
Балуан көп елге шыққан атағы,
Талайлардың жетi бұрар желкесiн.
Бiрақ солар таң намазда жатады,
Гир түгiлi көтере алмай көрпесiн.
Боксшы көп елге шыққан атағы,
Шаршы алаңда дес бермейтiн қырандай.
Бiрақ солар таң намазда жатады,
Шайтан соққан нокауттан тұра алмай.
Футболшы көп елге шыққан атағы,
Көк алаңға бұрған талай ат басын.
Бiрақ солар таң намазда жатады,
Нәпсiсiне ашып қойып қақпасын.
Әншiлер көп елге шыққан атағы,
Тыңдаған жұрт сезімді ойлар сенделіп .
Бiрақ солар таң намазда жатады,
Iбiлiстiң әлдиiне тербелiп.
Әртістер көп елге шыққан атағы,
Сайран салған сахнаның төрінде.
Бірақ солар таң намазда жатады,
Ұйқыдағы кейіпкердің рөлінде.
Ақындар жүр елге шыққан атағы,
Махаббатқа жыр-өлеңiн бағыштап.
Бiрақ солар таң намазда жатады,
Дiнге деген махаббаттан алыстап.
Атақ, бедел, билiк, көлiк, жақсы үйiң,
Жүрегiңе дұрыс емес орнаса.
Ел алдында абыройың бес тиын,
Алла алдында абыройың болмаса.
Мейіржан Әлібеков
Өз басым бірнеше адамды білем намаздарын тастаған, дегенмен адам намазды емес, намаз адамды тастайды емес па.
Алла сондайдан сақтасын, Иманымызды арттырып, тура жолдан тайдырмасын. Алланың маңдайымызға жазған сынағына сабыр етіп, қолымыздағы дүниеге шүкір етейік.
Алла сүйген құлын ғана сынайды.
Алладан намазым мені тастамасыншы деп дұға етем. Қорқам. Мына қызылды-жасылды дүние бас айналдырады.
Ақыретте ең алдымен сұралатын өз намазымызға абай болайық. Ал намазсыз жүрген адамды көрсеңіз оған дұға етіңіз пайдасы көбірек болар еді.
Қатты айтсам кешірім өтінем.