Аллаһтың әрбір ісінде хикмет бар! Соңында не болатынын білмей Оған қарсы келмейік!.. (ғибрат хикая)
Бір күні мұхитқа жол тартқан бір кеме апатқа ұшырап, батып кетеді. Кемеден так қана бір адам аман қалады. Толқындар бұл адамды адам аяғы баспайтын бір кішкентай аралға шығарып тастайды. Адам бастапқы күндері өзін құтқаруы үшін Аллаһқа жалбарынып дұға етті және қандай да бір көмек болар деген үмітпен жоғарыға қараумен болды. Бірақ келіп-кеткен ешкім болмады. Кейін желден, жаңбырдан және жабайы аңдардан қорғану үшін ағаш бұтақтары мен жапырақтарынан өзіне күрке жасап алды. Судың жағасында табылған кемеден қалып кеткен консервленген тамақтар, компас, т.б. заттарды осы күркесіне жинап қойды....