Түсік жасатқан әйелдің жазасы... (болған оқиға желісімен)
Түсік жасатқан әйелдің жазасы... (болған оқиға желісімен)

Үш баласын қатарынан қалдырмай өсіріп жатқан бақытты отбасы болады.

Бір күні күтпеген жерден әйелі аяғы ауыр болып қалғанын біледі. Ол мұны еш жоспарламаған еді. Сондықтан бұл баланы қаламайды. Үйіне келіп жолдасына аяғы ауыр екенін, бірақ баланы алдырып тастайтынын айтады. 3 баладан артық болғанын ешқашан қаламағанын, төртіншісін өсіруге отбасының материалдық жағдайы жетпейтінін алға тартады. Жолдасы иманды жан болатын және әрбір сәбидің ризығын Аллаһ беретінін білетін еді. Сондықтан әйелінің бұл айтқанына қарсы болады. Және түсіндіруге тырысады. Бірақ өз айтқанын істеймін деп қырсығып отырған әйелінің сөз тыңдамай жатқанына қарап, түсік жасауға үзілді-кесілді тыйым салып, айтқанын тыңдамайтын жағдайда кешірмейтінін айтады. 

Ертесі күні әйелі жолдасына айтпастан жеке дәрігермен келісіп түсік жасатуға бармақшы болады. Ауруханаға бара жатқан жолда әйелдің сөмкесі ұрланады. Ақшасы, барлық заттары сөмкесінде кетеді. Ал ауруханаға бару үшін ақша керек еді. (Аллаһ Тағала Өзі әйелдің жолын бөгеп тұрғандай болды.) Ал әйел құрбысына хабарласып, ақша бере тұруын өтінеді. Құрбысының үйіне барып, ақша алып кетеді. Дәрігерге барып, түсік жасатып, ішіндегі өз баласын өзі өлтіртеді. Алайда мұнысына еш өкінбей, керісінше ісіне риза болып, үйіне қайтады.

Бірақ үйіне келгенде әйелді ауыр жағдай күтіп тұрған болатын. Үйіне жақындап қалғанда есік алдында тізіліп тұрған жедел жәрдем, милиция, газ апаты қызметінің көліктерін көреді. Әйел не болғанын түк түсінбей, аяғын жылдам басып үйіне кіреді. Енді кіре бергенде 3 баласының бірдей суып қалған өлі денелерінің шығарылып жатқанын көреді. Не болғанын, қалай болғанын түсіне алмай орнында тұрып қалады. 

Ал оқиға былай болған еді: әйелдің сөмкесін ұрлап кеткен ұры сөмкеден үйдің кілтін тауып алып, үйді тонауға барады. Алатын заттарының барлығын алып, онысымен қоймай, үйдің газдарын ашып кетеді. Үйде өздері ғана болған үш кішкентай баласы сол газға уланып жан тапсырған екен. 

Мұны білген әйел есінен айырылып, жынданып кетуге шақ қалады.

Артынша үйге жолдасы келеді. Ол болған оқиғаны білген мезетте барлығына өзін тыңдамай, іштегі баласын өзі өлтіртіп келген әйелін кінәлі санап, неке жүзігін әйелдің қолына ұстатып, "талақ" айтып кете барады...

 

Шынар Ә.Т.

muslimat.kz

сәби, ислам, жаза, дін, күнә, Аборт, религия, түсік
ShynarShynar
9 жыл бұрын 6050
1 пікір
  • Алланың нұры жаусын! Иә, әйел себепкер дейік, бірақ осындай сәтте "талақ" бергені дұрыс емес деп ойлап отырғаным. Алланың разлыгы үшін иманды жан әйелінің жанында қалса, нағыз мұсылман еркек. ....
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
197372 301 569 1564 248