Шайтаннан хат
Шайтаннан хат

Сені кеше күнделікті істеріңмен айналысып отырғаныңды көрдім. Намаз оқымай, дұға жасамай тағы бір күн өткіздің. Тіптен тамақты жеп болғанда да, жатар алдында да шүкір етпедің.
Өте пәс адамсың! Сені мақтан тұтамын. Бірақ сонда да, менімен болғаның үшін бақытты екенімді айта алмаймын. Есіңде ме? Бірге болғанымызға көп жыл болды бірақ сені әлі де жақсы көрмеймін. Шынын айтар болсам: сені Аллаһты ұнатпағаным үшін жек көремін.
Аллаһ мені жәннаттан қуғаны үшін сені қолданамын. Сені қолданып, Аллаһтың маған жасағандарын қайтарып алғанға дейін қолданамын... Сосын жоқ болып кетсең де бәрібір.
Білемісің, ақымақ, Аллаһ сені жақсы көреді, бірақ сен өмірдің бәрін қасымда өткіздің. Бұл адалдығың үшін сені марапаттаймын. Өміріңді быт-шыт етемін. Екеуіміздің бас қосқанымыз Аллаһқа ұнамайды. Мен болсам нағыз қожайын екенімді Аллаһқа сенің арқанда көрсетемін.
Бірге өткізген жақсы күндерімізді еске алшы, адамдарды жылатқанымызды, олар туралы ғайбат жасағанымыз, жынды-жынды дискотекаларға баратынымыз, ұрлық жасайтынымыз, есіңде ме қалай екіжүзділік арқасында үлкен мансапқа жеткенімізді, өтірік айтқандарымызды, арақ-шарап ішкенімізді... Мешітке бармайтынбыз, намаздан қашатынбыз... Осылардың бәріне үйреніп қалдың да, олардан бас тартқың келмейді, рас қой? Кел енді ақымақ! Бақи отта бірге лаулап жанайық!
Бұл хатты саған қаншалықты мән бергенімді айту және өміріңнің үлкен бөлімін маған сыйлағаның үшін алғыс айту үшін жазып отырмын. Ақымақ, саған күлгім келеді. Жасағандарың менің өзіме жиеркенішті келеді. Сен осы жолыңнан тайма! Жаңа ұрпаққа алдауды, өтірікті, мешіт орнына дискатекаға жол көрсет! Жастардың қасында сен осылардың бәрін жаса да, олар сенен үлгі алсын. Көп кешікпей олар өзің сияқты болады. Жастар електеуіш қой.
Ал, әзірге кетуім керек, бірақ алысқа емес, бірнеше секундта қайта қасыңа ораламын. Аз ғана ақылың болғанда тәуба етіп қалған бірнеше жылдық өміріңді Аллаһтың қасында өткізуге тырысар едің. Біреуге ақыл айту жаратылысымда жоқ нәрсе бірақ сені танимын. Сен менің қасымнан кетпейсің. Сенің жасыңда бір адамның әлі де күнәлардан арынбай жүргені ақымақтық болса да. Мені дұрыс түсін, сені әлі де жек көремін, үнемі де солай болмақ. Мені шынымен жақсы көрсең осы хатым жайлы ешкімге айтпа! Өлім бізді қосқанға дейін... 

ShynarShynar
9 жыл бұрын 5499
3 пікір
  • шәйтанның айтқанына қосымша: кейде кей дүниенің бос екенін, берер пайдасы шамалы немесе мүлдем жоқ екенін білсең де құмартып тұратының есіңде ме? ол нәпсің екеуіміз селбесіп сені тұзаққа құрғанымыз.
    9 жыл бұрын
  • Рас қой! Бізді шайтан жек көретін болсын! Сонда Алланың сүйікті құлы екенімізді білеміз.
    9 жыл бұрын
  • Мұндай хат жетпейтін адресат болайық.
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
197372 301 569 1564 248