Өмірдің сынағына кім қалай қарсы тұрады?! (ғибратты әке өсиеті)
Өмірдің сынағына кім қалай қарсы тұрады?! (ғибратты әке өсиеті)

Ерте ерте ертеде… Ешнәрсені ұнатпайтын, жылауық бір қыз болыпты. Ол үнемі өмірдің қиын, жаман екенін айтып, онымен күресуден шаршағанын айтатын. Бір мәселе шешілгенде, үнемі басқа бір мәселе шығатын болып көрінетін оған. Бір күні аспаз болған әкесі қызын ас үйіне шақырып, оған өсиет айтпақшы болады. Үш ыдысқа су толтырып, отқа қояды. Су қайнай бастаған кезде біреуіне картоп, екіншісіне жұмыртқа, үшіншісіне кофе дәнегін салады.. Қызына ешнәрсе айтпай, күтеді. Қызы да үндемеді, соңы не болады екен деп ол да күтті. Бірақ сабырсыз болғаны үшін тағы қанша күтетінін сұрап мазалана бастады. Әкесі үндемеді.

20 минуттан кейін, әкесі отты өшірді. Картоп, жұмыртқа және кофе дәнегінен шыққан кофені бөлек бөлек ыдыстарға қойды. Қызға:

– Не көріп тұрсың?

– Картоп, жұмыртқа, кофе дәнегін,- деп түсінбей жауап берді қыз.

– Жақынырақ келіп тағы қара,- деді әкесі, -картопқа қолыңды тигіз.

Қыз айтқанды орындап, картопты қолына алып оның жұмсарғанын айтты.

– Тура солай жұмыртқаны да зертте. Қыз жұмыртқа қабығының қатқанын айтты.

Ең соныңда кофеден ұрттауын ұсынды әкесі. Қыз кофені ұрттап, оның дәмді екенін айтып күлімдеді. Сонда да ешнәрсені түсінбеген қыз: 

- Мынаның бәрімен нені айтқың келді, әке?

Әкесі картоп та, жұмыртқа да, кофе дәнегі де бірдей қайнаған судың ішінде тұрып бірдей қиыншылық көргендерін айтты. Бірақ осындай қиыншылыққа қарсы әрқайсысы әртүрлі күйге айналды. Картоп басында қатты, мықты болып тұрса, қайнаған судың ішіне түскен кезде жұмсарып өз күшін жоғалтты. Жұмыртқа басында өте нәзік, сезімтал болса, қайнаған суға түсіп қатты болды. Бірақ кофе дәнегі басқаша болды. Қайнаған судың ішіне түскенде ол өзі де өзгерді, суды да өзгертті де, алдымызға толығымен жап-жаңа нәрсе шықты.

Әкесі: 

– Сен қайсысына ұқсайсың? Бір қиыншылық басқа түскенде әрекетің қандай болмақ? Картопқа ұқсап әлсіз болып, мыжылып кетесің ба? Әлде, жұмыртқаға ұқсап, жүрегің қатаяды ма? Әлде, кофе дәнегіне ұқсап, оқиғалардың сені жетілдіріп, өміріңе жаңа бір серпіліс жасауына рұқсат бересің бе?..

сабыр, ислам, әке, қыз, қиыншылық, дін, емтихан, өсиет, Аллаһ, кофе, сынақ, религия, ақыл, картоп, жұмыртқа
ShynarShynar
9 жыл бұрын 9690
4 пікір
  • Алла берген сынақтардан сынып кетпей, екі дүниенің бахытына бөленуді жазсын.
    9 жыл бұрын
  • амин
    9 жыл бұрын
  • Жақсы мысал екен. Сынақтар көтере алатын жəне көтере алмайтын болып бөлінеді. Соның көтере алатын сынағына дұшар болудың өзі Алланың мейірімі. Əйтпесе, неше адамдар, қауымдар болған сынақты көтере алмай жоқ болды. Жаратушымыз "бізді көтере алмайтын нарселермен сынама" деп дұға етуімізді үйретеді Құранда. Алла біз көтере алатын сынақпен сынасын.
    9 жыл бұрын
  • Аллаһ разы болсын, аға!
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
197372 301 569 1564 248