Оған ұнамаған әйелі қалай әлемдегі ең сұлу жанға айналды?!
Оған ұнамаған әйелі қалай әлемдегі ең сұлу жанға айналды?!

Бір жас жігіт Араб Әмірлігіне жұмыс істеуге барады. Дәл 4 жыл уақыт өтті. Барған кезінде өте кедей болған жас көп өтпей қалталы азаматқа айналады. 
Әкесі өте тақуа адам, имам болатын. Жігіт ақшасын жинап әкесіне жолдайды және былай дейді: "Әке, менің үйленгім келеді. Сүр бойдақ болып жүргеніме қаншама жылдар болды. Қазір дәл уақыты келгендей. Сенен мен үшін бір жар таңдауыңды өтінемін. Онымен қоймай, неке шартына да менің орныма қол қойғаныңды қалаймын. Келген күнім той күні болуын қалаймын және оны алдын-ала көрмесем деймін." Жас жігіттің әкесіне деген сенімі осыншалық шексіз еді.

Еш күмәнсіз әкесі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) айтқанын жақсы білетін: "Әйелге 4 себептен үйленеді: байлық, сұлулық, тек және дін. Сен діндар болғанын таңда." Әкесі ұлы үшін өте діндар жар таңдады. Бірақ оның сырт келбеті онша әдемі емес еді. Ұлы Мысыр әуежайына келді. Оны қарсы алып, әйелінің жанына алып барды. 
Әйелі бет-жүзін де жауып жүретін еді. Содан соң жігітті әйелімен бірге оңаша қалдырды. Әйелі орамалын ашқанда жігіт есеңгіреп қалды. Оның қатты көңілі қалған еді. "Әкемнің мен үшін таңдаған жарым осы ма?! Ол әдемі емес, ол әдемі емес..." деп ойлады. Жігіттің әбден еңсесі түсіп кеткен еді. "Сонша жылдан соң жүрегімді қолыма алып, толқып келдім ғой мен!" Қатты есеңгірегені сонша, бірден жатып ұйықтап қалды.

Түннің соңғы үштен бірінде күйеуінің жағдайын түсінген әйелі оны оятуға тырысты, бірақ жігіт ояна қоймады. Әйелі қайтадан оятып көрді, күйеуі әлі де оянбады. Бұдан кейін әйелі оны ояту үшін бетіне су септі.

Жігіт оянған соң әйелі сөз бастады. "Сенің қаншалықты көңілің түсіп кеткенін білемін. Өзімнің әдемі емес екенімді де білемін. Бірақ сен білесің бе? Мен бір себептен ғана тұрмысқа шығуды қаладым. Мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) "Аллаһ түнде ғибадат ету үшін оянған және жарын да оятқан, оянбаса бетіне су сеуіп оятқандарға мейірімін төксін. Оларға Аллаһтың рахымы төгілсін." деген хадисін орындау үшін тұрмысқа шығуды қаладым."

"Аллаһқа ант етейін! Маған осы мүмкіндікті сыйлағаның үшін саған шексіз қарыздармын. Осы хадисті орындауды өте қатты қалайтын едім. Сұлу болмағаным үшін тұрмысқа шыға алмаспын деп біраз үмітсіз де едім. Енді хадисті менімен бірге орындайсың ба? Тұрып намазда маған имам боласың ба? Менімен бірге тәһәжуд намазын оқисың ба?"

Жігіт тұрып, намазда имам болды. Бұл жігіт өзі Аллаһқа ант ете отырып айтады: "Имам болып тәһәжуд намазын оқып біткен соң әйеліме қараған кезімде дүниедегі ең сұлу әйелді көріп отырғандай болдым." 

 

Қайнар көзі: A True love story By Sh.Karim Abu Zaid, thedailyreminder

 

Аударған Шынар Ә.Т.

ислам, отбасы, неке, дін, сұлу жар, жан сұлулығы, Пайғамбар сүннеті, діндар жар
ShynarShynar
8 жыл бұрын 7549
3 пікір
  • Машаллаh, ғибрат аларлық дүние екен!
    8 жыл бұрын
  • P.S. Шынар, кешіріңіз, сіз осы Алматы облысына қарасты Мәтібұлақ ауылындағы бұрынғы Рославль орта мектебін бітірмедіңіз бе?
    8 жыл бұрын
Блог туралы
0
197372 301 569 1564 248