Мистер Бин қалай Исламды қабылдады? (Пайғамбар (с.а.с.) хадисінің ақиқатқа шығуы)
Мистер Бин қалай Исламды қабылдады? (Пайғамбар (с.а.с.) хадисінің ақиқатқа шығуы)

Елдің езуін жидырмай, күллі әлемді күлкіге көміп, көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын атақты мистер Бин деген атпен танымал британдық сықақшы Роуэн Аткинсон асыл дінімізге өтіп, Алланың ақ жолына түсті.

«Уикипедиядағы» мақалада айтылғандай, мистер Бин Ислам дініне 2013 жылдың қазан айының 1-і күні өткен екен. Оның мұндай қадамға баруына адамзаттың ардақтысы Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы  түсірілген, әлем мұсылмандарының ашу-ызасына тиіп, намысын найзалаған фильмсымағы түрткі болған. Яғни, әлгі фильмдегі бұрмаланған дерекке, дәлірегі, жалаға сенбей, өзі ізденіп, Ислам дінімізбен танысады. Ол осылайша Алланың ақ жолына түседі.

Ол бұрын да исламофобияға қарсы екенін талай рет дәлелдеп, мәлімдеме жасаған болатын.  

 

Мистер Биннің Исламды қабылдауына себеп болған нәрсе керісінше Пайғамбарымызды (с.а.с.) мазақ қылып, асыл дінімізді қаралауға тырысқан жағдай еді. 

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадисінде "Аллаһ Тағала дінін бір күнәһар арқылы да таратып күшейтеді" делінгенінің бір көрінісі болды бұл. 

Өз басым бастапқыда бұл хадисті түсінбейтінмін. Қалайша күнәһар адам арқылы дінді күшейтеді және басқаларға жеткізеді. Әрине, Аллаһтың құдіретінде шек жоқ! Бірақ осы іс қалай, қандай жолмен жүзеге асатынын бір түсінбей қойғанмын. Түсінбегенім, Аллаһ Тағала бұл дүниеде барлық нәрсені себептерге жасырғандықтан еді. Бұл қандай жолмен, қандай себептермен болады екен дейтінмін...

Кейін осы тәріздес оқиғалар мысалға келтіріліп түсіндірілгенде хадистің мағынасын түсіндім-ау әйтеуір деп қатты қуандым.

Мистер Бин мұның жалғыз мысалы емес еді. 

2005 жылы Дания газетінде жарық көрген адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымызды (с.а.с.) мазақтап салынған карикатура Ислам мемлекеттерінде көптеген шу шығарғаны есімізде. Сол кезде барлық дерлік Ислам мемлекеттерінде және басқа елдерде де мұсылмандар алаңға ереуілге шыққан еді. Тіпті өзіміздің Алматыда да осындай оқиға орын алған. Қаншама имандылар Пайғамбарын (с.а.с.) жақсы көретіндіктерін дәлелдеп, оны бұлай қорлап қоюға жайбарақат қарап отыра алмайтындарын көрсетті. Осының барлығына куә болған батыстықтардан болсын, басқа мұсылман емес адамдардың арасынан болсын бұл оқиғадан әсер алып, ойланғандар көп болды. "Неліктен мұсылмандар Пайғамбарларына (с.а.с.) салынған бір карикатура үшін осыншалықты қарсылық көрсетті?" "Пайғамбардың (с.а.с.) олардың өміріндегі маңызы соншалықты зор болғаны ма?" "Олай болатындай ол қандай адам болған?" "Өзін көрмеген он төрт ғасырдан кейін ғана келген үмметі үшін ол сондай не жасаған?" деген сияқты әр түрлі сұрақтар қарша жауып мазалағандар болды. Және осы сұрақтардың жауаптарын таппаққа ниеттеніп, таза Исламның ақиқатына жетіп, иман нұрына бөленгендер аз болмады. Бұл да сол хадистің бір мысалы. 

Карикатура шығарғандағы мақсаттары қандай болып еді?! Ал Аллаһтың құдіретімен қандай нәтижелер болды?! 

Ал одан соң түсірілген фильмнен кейін дәл Мистер Бин сияқты іздестіріп, Исламды қабылдағандар да баршылық.

Ал енді осы жылдың басында пайда болған Франциядағы карикатурадан соң да бір төңкеріс болғандай. Карикатураны шығарды, одан соң сол шығарған журналдың редакциясын мұсылмандар жарып кетті деп көрсетуге тырысты. Көзі қарақты жандар бұған да сенбеді, керісінше ақиқатты іздестірді. Сонымен Исламға қызығушылық одан әрі арта түсті. 

Бұл тізбектелгендер тек қана әдемдік масштабта болған жағдайлар ғана...

Осындай оқиғалар аз емес. Исламды қаралауға тырысқан әрбір әрекеттің артында басқа жандардың дінге кіруі де көбеюде. Және Францияда қаншалықты Исламға қарсы болып, орамал тағу сияқты дін негіздеріне тыйым салуға тырысқан сайын соншалықты көп адам мұсылман болып, қыздары орамалды болып жатыр.

Аллаһ - шексіз құдірет иесі!

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде "Ақырзаманға жақындағанда әлемде күннің шығып батқан барлық жерінде Аллаһтың және менің атым естілмеген ешқандай орын қалмайды" деген мағынада сүйіншісін айтып кеткен. 

Міне сүйіншіленген ол күн де таяп қалғандай. Ал бұл дегеніміз ақырзаманның жақындап қалғанын білдірмек. Және біз де соған сай дайындығымызды жасауымыз керек-ақ!..

 

Р.S. жоғарыда аталған Исламды қаралайтын нәрселерді мұсылмандарға қарауға кеңес берілмейді: солардың әрекетін қолдағандай болу және жүректі қарайтатын да жағдайлар болғаны себебінен.

 

Шынар Ә.Т.

Мұсылман, ислам, дін, пайғамбар, Аллаһ, карикатура, религия, дінді қабылдау, Мистер Бин, Роуен Аткинсон, Исламды қаралау, мазақ қылу, Мұхаммед (с.а.с.)
ShynarShynar
9 жыл бұрын 3951
5 пікір
  • Шындыққа қанша күйе жағылса да, оның ақиқат шуағын жасыра алмайды. Ол ақиқат Аллаһ тарапынан қорғалған асыл дініміз Исламға қатысты болса тіптен солай болмақ.
    9 жыл бұрын
  • Ал бұл деніңіз ақырзаманның жақындап қалғанын білдірмек, дедіңіз бе? Соған сай дайындығымызды жасауымыз керек , дегенді қалай түсінсек болады? Мұсылманға ерекше дайындық жасау керек пе? Ол өзі мұсылман болса...
    9 жыл бұрын
  • Ақырзаманның жақындап қалғанын барлық ғалымдар тілге тиек етіп ескертуде. Шынайы мұсылман болған адамдар қиямет қайым болғанын көрмейтіні ақиқат. Бірақ соған сай "шынайы" мұсылман бола алу бірінші шарты. Ол деген иманның барлық шарттарына толық сенетін, ширктен пәк кәміл иман болу қажет. Ақырзаманның белгілеріне қарсы дайындығымыз болу керек. Мысалы, дәджалдан сақтану үшін Кәхф сүресінің алғашқы 10 аятын жаттау дегендей. Ақырзаманға ғұмырымыз жетпесе де, әркімнің өзінің қияметі саналған ажалы бір күні жетіп алары хақ. Оған да мейлінше дайындық жасауымыз қажет. Ғибадатымызды көбейтіп, садақа беріп, тәубе етіп үлгеруге тиіспіз. Бірақ көбіне адамдарды қаттырақ сескендіретін өзінің ажалынан көрі осы қияметтің орнауы. Сондықтан ең болмаса, ақырзаманға дайындық арқылы өлімге де біршама дайындық жасаған боламыз. Әйтпесе, бұл фәни дүниеде мәңгі қалатындай болып ақыретті ойламай жүретін кездеріміз көп қой пенде болған соң.
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
197372 301 569 1564 248