Жаннатқа кіру тегін...
Жаннатқа кіру тегін...

Әкесі баласына:

- Балам, білесің бе, негізінде Жаннатқа адам тегін кіреді. Ал тозаққа кіру ақымен, тіптен үстеме ақымен десе де болады.

Таңқалған баласы:

- Ол қалай, Әке?

Әкесі:

- Иә, балам, тозақ оты тегін емес. Мысалы: Кім құмар ойнаса төлейді, арақ ішсе төлейді, Зина да тегін емес, Насыбай да теңге тұрады, Қыдырсаң да бәрібір төлейсің. Ал, Жаннатқа кіру, балам, тегін. Намаз оқу тегін, ораза тегін. Аллаһты зікір ету тегін. АЛЛАҺтан қорқып харамға көз салмау тегін, тіптен Мешітке кіру де тегін. Ендеше, тегін Жаннат тұрғанда неге тозаққа төлеп кіреміз?!

бала, тозақ, жаннат, әке ақылы, жаннат-тегін, тозақ-ақылы
ShynarShynar
9 жыл бұрын 4878
3 пікір
  • Тек қана нисап мөлшеріндегі артық ақшасы болған бай адамдардан басқаларымызға парыз болмаған зекет пен қажылықты қоспағанда расында да қалғаны "тегін" ғой...
    9 жыл бұрын
  • Күнәні сатып алып жүрміз қанша... (
    9 жыл бұрын
  • Адам робот секілді болып кетті. "Миымыз" солай "қатып" қалған. Тегін десең сені жынды деп қарайды. Өйткені бұл жалғанда бәрі сатылады емес пе.
    Аллаһым, кешіре гөр!
    Аллаһу Акбар!
    9 жыл бұрын
Блог туралы
0
197372 301 569 1564 248