Босқа ажырасып шайтанды қуантпаңыз...
Босқа ажырасып шайтанды қуантпаңыз...

Серік сот дәлізінде отырып кездесу уақытын күтуде... Әрине, оңай емес, 12 жыл болған отбасылық өмірі аяқталғалы тұр еді. Әйелі Нұргүлмен енді түсінісе алмайтын болғаны үшін ажырасуға бел буып сотқа келіп отыр. Негізінде, Нұргүлді әлі де сүйетін. Қалайша жағдай осы күнге жеткізді?! Қалайша Нұргүл өзін алдады?! Жо-жоқ, қанша жақсы көргенімен енді онымен бірге бола алмайтын еді. Анасына құрметсіздік көрсеткені... ары қарай шектен шығып кетпей тұрып әйелімен ажырасуы керек еді. Өйткені, бәрін өз құлағымен естіді: «Жоғал, үйімнен тез кет! Сені мұнда көргім келмейді.» Онымен қоса телефонында да бір ғашықтық хатын көрген болатын. Мұның барлығына енді шыдай алмайтын еді. Әйтпесе қандай қуанышқа толы кезеңдерді бірге өткізген еді! Намазды жамағат болып бірге оқитын, таң намазына бірінші тұру үшін жарысатын, бір-бірін түнгі намазға тұрғызатын... Серік терең ойға батып кеткен еді. Бір дауыс оятып жібергендей болды:

-         Не болды, бауырым, мұнда не күтіп отырсың?- деді бір адам.

-         Ажырасу ісі...

-         Шағым түсіріп келдің бе, әлде шақыртуға келдің бе?

-         Шағым түсіріп, сіз ше?

-         Мен шақыртуға келдім. Әйелім шағым түсіріпті. Бірақ мен ажырасқым келмейді.

-         Ажырасу себептеріңіз не сонда?

Адам барлығын айтып бастады:

-         Үйленгенімізге10 жыл болды. 2 қызым бар. Әйеліммен арамызда ешқандай ортақ тұстарымыз жоқ. Кешке жұмыстан үйге келгенімде бір рет те күлімсіреп қарсы алған емес. Ешқашан оның айтқанын орындамаған кезім болған жоқ. Не қаласа барлығын алып бердім. Кей уақыттарда кір жуып, тамақ істеп, ыдыс-аяқ жудым. Таңертең жұмысқа таңғы ас ішпестен кететін кездерім болатын. Мен үшін бұлар қиындық емес еді, оны жақсы көретінмін. Кейін одан да қатты өзгерді, ашық-шашық киінетін болды. Үйде достарымен құмар ойындарын ойнап, ішімдік ішетінді шығарды. Балалардың жағдайына мүлдем қарамайтын болды. Ең соңында анамды да ұрып соғып, көшеге шығарып жіберді. Анамды қарттар үйіне апаруға мәжбүр болдым. Үшінші баламызға аяғы ауырлады. Бірақ менің хабарымсыз барып баланы алдырып тастады.

Адам мұның барлығын айтып жатқанда Серік қатты таңданыспен тыңдап отырды.

-         Бауырым, негізі шағымданушы сен болуың керек емес пе еді? Мен сенің орныңда болсам еш ойланып жатпастан ажырасар едім ондай әйелден.

-         Иә, айтқаның орынды. Бірақ, Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтқандай «Аллаһтың рұқсат бергендерінің ішінде ең ұнатпайтыны – ажырасу». Сондықтан шайтанды қуантқым келмеді.

-         Шайтанды қуантпайын деп өз өміріңнің астаң-кестеңі шыққан жоқ па, бауырым?!

-         Бола берсін. Білкім, оған тура жолды көрсете алармын деген үмітпен өмір сүріп жүрмін. Жаратқан не үшін тастап кеттің деп сұрамайды ма?!

Серік Нұргүлді ойлап отырды. Ол болса қандай тамаша жар, тамаша келін еді! Қазір мұны бұрынғыдан да жақсырақ түсініп отырды. Әрдайым мұның асты-үстіне түсіп, жағдайын жасаумен жүретін. Дәрет алғанда сүлгісін дайындап тұратыны, ас үстелін көтергенде көмек бермек болғанында «Жоқ, мырза, сіз шаршап келдіңіз, бұл әйелдердің ісі» деп айтуын есіне алды... Балаларына ең кәміл ана және ұстаз. Серіктен бір рет те ақша сұраған емес. Тіпті алғашқы үйленген уақыттарында аш қалған кездерінде де түк үні шықпаған болатын. Әлгі адамның сипаттаған әйелімен салыстырғанда Нұргүл періштедей еді. Ол кісінің айтқаны дұрыс еді. Шайтанды қуантпауы керек! Анасы қанша қарсы болғанымен ажыраспайтын болып шешті. Серік тағы бір дауыстан өзіне келді.

-         Ал сен не себепті шағым түсіріп келдің?

Серік терең ойға батып кеткен болатын. Әлгі кісіге борыштар көзбен қарап «Сенімен жолықтырған Аллаһқа шүкір етемін» деді де, сот мекемесінен шығып кетті. Көлігіне мініп бірден үйіне келді. Үйіне келгенде қатты толқып тұрды. Барып Нұргүлді әкесінің үйінен алып келмекші болды. Оны қатты сағынды. Дәл сол тұста анасының әңгімесін естіп қалды. Серіктің келгенін сезбеген, жиені Сәулемен телефонмен сөйлесіп жатты.

-         Енді ешқандай кедергі қалмады, Сәуле. Серік екеуің үйленесіңдер. Нұргүлді жібердік. Ажырасу ісі бітсін, бірден сенімен некесін қидырамын. Нұргүл сол күні сені үйден қуған еді Серікке жақын жүргенің үшін. Серік ол мені қуды деп ойлап жүр. Содан соң Назерке ана қарқылдап күле бастады. Сөзін ары қарай жалғастырды.

-         Әлгі хабарламаны Нұргүлдің телефонына жібергеніміз жақсы болды. Күмән Серікті әбден жеп бітірді. Ойымыз жоспарлағанымыздан да тез іске асты.

Серік өз құлағына өзі сене алмады. Ашудан жарылардай болып бөлмеге кірді. Анасына ала көзімен қарап:

-         Сенің ұлың болғаныма ұяламын. Саған жағымсыз жаңалығым бар – ажыраспаймын. Отырып қалған жиеніңе енді басқа күйеу табарсың!» - деді де шығып кетті.

Бірден қайын атасының үйіне жол тартты. Есікті қақты. Есікті Нұргүл ашты. Оның кішіпейілділігі соншалық еш қарсылық көрсетпей, тек «Қош келдің» деді. Оның орнында басқа біреу болса бақырып-шақырып ұрысып шығар еді. Ол керісінше күлімсіреп қарсы алды. Серік кешірім сұрады. Болған жайттың барлығын толық түсіндірді және үйіне қайтуын өтінді. Нұргүлдің көзі қуаныштан нұрланып жайнап тұрды. Еркелеп наздану оған жарасатын іс емес еді. Бірден  келісті. Ол да Серікті сағынған болатын. Үйде күтіп отырған екі баласын да...

Бірге үйлеріне қайтты. Серік анасын басқа қалада тұратын ағасының үйіне жіберетін болып шешіп қойған. Бұдан кейін оған қарай алмайтын. Үшеуі отырды. Нұргүл басын төмен салып отырды. Анасы да. Нұргүлдіңкі әдебінен, анасыныңкі ұяттан.

-         Сені бүгін кешке ағамның жанына жіберемін. Бұдан былай мен сенің ұлың емеспін. Бар, солар қарасын!

Нұргүл орнынан ұшып тұрды.

-         Серік, сен не деп тұрсың?! Ол сенің анаң. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) не айтқанын білмейсің бе?! «Аллаһтың разылығы ата-ананың разылығында, Аллаһтың қаһары ата-ананың қаһарында.» Басқа хадисте «Ата-анасының біреуі немесе екеуі де жанында қартая тұра олардың разылығын алмаған адам мұрнымен жерге сүрінсін» деді.

-         Сен ренжіме! Бірақ мен бұл машақатты жұмысты басқасына бере алмаймын. Не істесе де ол менің басымның тәжі. Бұдан кейін де қаласа жаман қарасын, ол менің анам және жәннәт оның табанының астында.

Назерке жылап отыр еді. Нұргүлдің алтын адам екенін білетін, бірақ алғашқы рет қабыл етті. Иә, келіні теңдессіз адам еді. Оның қадірін білуі керек еді.

Серік болса... Нұргүлдің сөздеріне қайран қала қарап отырды. Бір жағынан сотта көрген адамға дұға тілеп отырды, екінші жағынан анасының тұзағынан құтқарған Аллаһқа шүкір етті...

Және Нұргүлге қайтадан ғашық болуда еді.

Ол Серіктің Нұры еді...

Ол Серіктің Гүлі еді...

 

Мензиле Еминоглу

 

/Серік – Sinan/

/Нұргүл – Nurgül/

/Назерке – Nermin/

/Сәуле – Selma/

 

Түрік тілінен аударған Шынар Ә.Т.

сабыр, өтірік, ислам, отбасы, ажырасу, дін, күнә, шайтанды қуантпау
ShynarShynar
8 жыл бұрын 9327
0 пікір
Блог туралы
0
197372 301 569 1564 248