Үш «әмин» (Рамазанға ескертпе)
Үш «әмин» (Рамазанға ескертпе)

Кағб ибн Ужра (р.а.) әңгімелеуде:

«Бір күні Аллаһ елшісі мінберге бір саты жоғары көтерілгенде «Әмин» деді. Екінші басқанда тағы да «Әмин» деді. Үшіншіде тағы айтты. Мінберден түскеннен кейін:

–  Уа, Аллаһтың елшісі, бүгін сізден бұған дейін көрмеген қимыл көрдік. Не екенін түсіндірмес пе екенсіз? – дедім. Сонда ол:

–  Жәбірейіл періште келіп:

«Рамазанға жете тұра (ораза ұстап) күнәдан тазармаған адам оңбасын», – деді. Мен «Әмин» дедім.

Екінші сатыға шыққанда,

«Сенің атыңды ести тұра, салауат айтпаған адам оңбасын», – деді. Мен «Әмин» дедім.

Үшінші сатыға шыққанда,

«Әке-шешесі қартайғанда, соларды бағып ризалығын ала алмаған адам оңбасын», – деді. Мен тағы да «Әмин» дедім, – деп түсіндірді».

 

ShynarShynar
8 лет назад 5452
0 комментариев
О блоге
0
197372 301 569 1564 248
Прямой эфир