Сәресінің хикметі неде?
Сәресінің хикметі неде?

Ораза тұтушы үшін таң атпай тұрып ас-су ішіп, құлшылыққа қамдануы мұстахаб амал болып табылады. Мұны сәресі деп атайды. Әнас бин Малик (р.а.): «Сәресі ішіңдер, өйткені сәресіде береке бар»,[1] – деген хадисті риуаят еткен.

 

Сәресінің берекеті

Сәресі ішу дегеніміз – сүннетті орындау, кітап иелеріне ұқсап қалмау, құлшылыққа күш-қуат жинау, белсенділікті арттыру, аштық себепті жаман мінездің пайда болуын алдын алу, садақа беруге жігерлендіру, дұға-тілек етуге мүмкіндік.

Сәресінің бірнеше хикметі бар, олар:

1. Құлшылыққа күш-қуат беруі.

2. Кітап иелеріне ұқсамау. Өйткені, олар ораза тұту үшін сәресі ішпейді.

Амр бин Ас (р.а.) Пайғамбарымыздың: «Біздің ораза мен кітап иелерінің оразасының айылмашылығы – сәресі ішуде»,[2] – дегенін жеткізген.

 

Сәресі уақыты

Хадисте Зайд бин Сабиттің (р.а.) Пайғамбармен (с.ғ.с.) бірге сәресі ішіп, сосын намазға тұрады. Әнас: «Екеуінің арасы қанша уақыт болды?», – деп сұрағанда, Зайдтың: «Елу аят шамасынша»,[3] – деп жауап бергені баяндалады.

Бұл Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) таң атқанға аз уақыт қалғанға дейін сәресі ішкенін білдіреді.

Сәресінің мөлшері

Әбу Сағид Худрий (р.а.): «Сәресі – берекелі ас. Оны тастаушы болмаңдар. Тіпті, бір жұтым су ішсеңдер де...»,[4] – деген риуаят жеткізеді.

Ең абзал сәресі

Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Мұсылманның сәресісі болған құрма неткен тамаша»,[5] – деп айтылған. Демек, сәресіде құрма жеу де абзал амалдар қатарына жатады.

[1] Бұхари.
[2] Муслим.

[3] Ибн Хажар.
[4] Ахмед.
[5] Әбу Дәуід, Ибн Хиббан, Байқаһи. 

 

Руслан Камбаров,

muslim.kz

ShynarShynar
8 лет назад 8036
0 комментариев
О блоге
0
197372 301 569 1564 248
Прямой эфир