Күнделікті орындалатын 100 сүннеттік амал (4)
Күнделікті орындалатын 100 сүннеттік амал (4)

Киімнің сүннеттері

Біз күнделікті өмірде қолдануға болатын сүннет амалдар жайлы мақалалар топтамасын одан әрі жалғастырамыз. Бүгін киім сүннеттеріне тоқталып өтпекпіз.

  1. Алланың Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) ақ түсті киімдерді ұнатқан. Әйел адамдардың киіміне келер болсақ, кейбірі әйел баласына қара түсті киім абзалырақ деген пікір айтып жатады. Алайда, бұл шындыққа жанаспайды, десе де, киюге болмайды деген үзілді-кесілді тыйым да жоқ. Бұл, әдетте, сол өңірдің салт-дәстүріне байланысты.
  2. Алланың Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) киім киерде оң жағынан бастап киінген. Егер де кімде-кім жейде, джубба немесе өзге де жеңі бар киімді киер болса, оң жағынан бастағаны жөн.
  3. Алланың Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) киімді сол жағынан бастап шешкен.
  4. Ер адамның киімінің етегі тобықтан жоғары, ал әйел адамдікі керісінше, тобықтан төмен болуы тиіс.

Бұл сұрақтың төңірегінде туындаған дау-дамай өте көп. Әйтсе де, Ханафи және Шафиғи мәзһабтарындағы дәстүрлі фиқһ кітаптарында былай деп айтылады: егер киім етегінің тобықтан төмен болуында тәкаппарлану мен қожакөрсін деген ниет болмаса, бұл мәкрүһке саналады. Ал егер, бұның астарында тәкаппарлық пен қожакөрсін деген арам пиғыл болатын болса, ол – харам. Мұндай жағдайда, бір ғана адамның жеке пікіріне сүйенбестен бұрын, дәстүрлі фиқһ ктіаптарына жүгінген абзал.

  1. Ер адамдардың басқа тақия немесе сәлде орап кигені абзал. Мәзһаб ұстанбайтындардың пікірінше, бас киім киюді талап етуде аса қажеттілік жоқ, бұл әр өңірдің әдеп-ғұрыптарына байланысты. Алайда, Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жұрт алдына шығып, бас киімсіз намаз оқығанын көрген жан болмаған. Осыны өзі бізге жетерлік.
  2. Аяқ киімді оң аяқтан бастап киген жөн.
  3. Аяқ кіимді сол жақтан бастап шешкен жөн.

Кейбір сопылар аяқ киімді де құбылаға қаратып қойған деп жатады. Олар алды мен арты бар кез-келген затты осылай қою дегенге сүйенеді. Алайда, бұл сұрақ қосымша ізденіс пен әлде де толық зерттеуді қажет етеді, себебі біз сүннет өз ойымыздан құрастырып, өзіміз ойлап тапқан нәрселерімізді орындау арқылы Аллаға құлшылық ете алмаймыз. Бұған Құран мен сүннеттерден дәлел керек. Аталмыш сұрақтардың иджтихадтан туындауы мүмкін емес.


Әбу Әли Әл-Ашари

annisa-today.ru сайтынан қазақ тіліне аударған Tamshy.kz

ShynarShynar
9 лет назад 9722
0 комментариев
О блоге
0
197372 301 569 1564 248