Канадалық қыздың мұсылман болу оқиғасы...
Канадалық қыздың мұсылман болу оқиғасы...

Жаңадан мұсылман болған канадалық Лара ханым: Ақыр аяғында Исламды махаббат және ықыласпен қабылдап, жаңа әлемге кірдім. Құдды қайтадан өмірге келгендей болып, өзімді жеңіл сезіндім. Қаладағы мешітке барып, ынтығып, еріксіз жылаған күйде сол жердегі мұсылмандарға осы тақырыпты хабарладым. Олар ауызбен айтып жеткізуге болмайтын қуанышпен мені жаңа өміріммен құттықтады. Осы хабар бүкіл мешітті шаттық пен қуанышқа бөледі.

Өздеріңіз білетіндей, Исламның және осы илаһи діннің қисын күшінің алдындағы Батыс саясаттарының бірі мұсылман еместердің арасында исламға қатысты қорқыныш тудыру болып табылады. Бұл әрекет осы күндері Исламға үрке қарау (Исламофобия) атымен танымал. Олар Исламды құбыжық етіп көрсетуге талпыныс жасайды. Сол үшін сырт көзге исламдық болып көрінетін кейбір адасқан әсірешіл топтардың әрекеттерін теріс пайдаланады. Кеңпейілділік пен өзгелердің наным сеніміне төзу Ислам қуаттап отырған жағымды сипаттарға жатады. Өйткені Ислам қисын, сұхбаттасу және дәлел мен дәйек діні болып табылады. Батыс әлемі де қоғамда жеңілдік беру және дауыстардың әртүрлілігі ұранымен өзгелердің сенімдеріне төзуді үгіттейді. Бірақ осы ұранды, әсіресе мұсылмандар жөнінде іске асыруға келгенде басқаша әрекет жасайды. Олар у шу шығару арқылы шындыққа жанаспайтын тақырыптарды Исламға таңып, осы тақырыптарды қайталай беріп, соларды тыңдарманның көкейіне құюды мақсат етеді. Осы бағытта Батыс ұжымдық БАҚ-тарының насихаттық әрекеттерінің ең маңызды өзегі мұсылмандарды қатыгез деп көрсету болған. Олар Ислам қатыгездік пен лаңкестікті қолдайды деген уәж айтады. Осы үлкен айыптау белгісіздік тудыру және қорқынышты көріністерді көрсету сияқты әдіс тәсілдермен жұртшылыққа түсіндіріледі. Батыс халықтарының Исламның асқақ тағылымдарынан хабарсыздығы осындай улы насихаттардың ең маңызды сүйеніші болып табылады. Әлбетте кей жағдайларда осындай шүйлігулер кейбір мұсылман еместердің ізденімпаздығына себеп болып, оларды Исламды тануға бейімдетеді. Осы арада Ислам тағылымдарымен аз да болса таныстық осы илаһи діннің бейбітшілік, әділет, достық және адамсүйгіштікті жақтайтынын анықтайды. Лара ханымның Исламға қарсы насихаттық шүйлігулер толқынының арасынан осы ақиқатқа көзі жетеді. Канада елінде тұратын ол былай дейді:

Осыдан бірнеше жыл бұрын кейбір газеттердің Ислам мен мұсылмандар туралы жазған мақалаларын оқыдым. Осы мақалаларда кейбір мұсылмандардың істеген бірнеше қателіктері талқыланып, соны желеу етіп, Исламның қағидаларына күмән тудырған еді. Мен мұсылман болмасам да қорлаушы жазбаларға сенбедім. Жазушылардың Исламға көрсеткен қатынасының қастық екенін білдім. Өйткені әр заман мен әр жерде ағаттық істейтін адамдар болады. Солар үшін бір қауымға, бір елге немесе бір дінге күмән тудыруға болмайды. Осындай нысапсыз жазуларға сын айтуды ұйғардым. Газет редакциясына хабар жазып, неліктен бір илаһи дінге тіл тигізесіңдер деп наразылық білдірдім. Бірақ осы хаттарды жазумен өзім де Ислам туралы оқып, зерттеуге қызықтым.

Лара ханым өзінің Исламға қатысты білім деңгейін көтеру үшін мұсылмандармен дос болуға талпыныс жасайды. Ол бұл жөнінде былай дейді: "Мұсылмандармен жақын араласу арқылы олардың діні туралы көбірек мәліметтерге қол жеткізуге талпыныс жасадым. Достарымның бірі тұрып жатқан аймақта мұсылмандар көп қоныстанған еді. Сол жерде досым арқылы бір мұсылман әйелмен таныстым. Ұзын көйлек киіп, басына орамал таққан ол ерекше байыпты байсалдылықпен сөз сөйлейтін еді. Ол маған: "Газет-журналдар мен кітаптарда жазылатын материалдардың барлығын дұрыс деуге болмайды. Алдымен қаламгерлердің шыншылдығы мен олардың Исламды дұрыс танитындығына сеніп, содан кейін сол тақырыпты қабылдау керек",- деді.

Лара ханым былай дейді: Әлгі мұсылман әйелге берген жауабымда: Мен де Исламды танығым келеді. Осылайша Ислам мен мұсылмандар туралы айтылатын сөздердің дұрыс не бұрыстығына көз жеткізгім келді,- дедім. Мұсылман әйел де мені құптады. Сол кісінің жол нұсқауымен Ислам туралы кітаптарды оқитын болдым. Ол сол күннің ертеңінде маған Ислам туралы бірнеше кітап алып келді. Кітаптарды мұқият оқыдым. Осы кітаптардың бірінде хазірет Мәриямның өмірі мен перзенті хазірет Иса туралы Құран Кәрімге сілтеме жасаған дастанды оқыдым. Исламның Мәриямды ары таза және таңдаулы әйел деп білетіндігіне көзім жетті. "Али Имран" сүресінің 42-ші аятында осы мәселеге сілтеме жасап, былай делінген: "Сол уақытта періштелер: «Әй Мәриям! Шәксіз, Алла сені таңдады, тазартты және әлемдегі әйелдерден ардақты қылды» деді."

Сондай-ақ Ислам дінінің хазірет Исаны үлкен илаһи пайғамбар деп біліп, оны Алланың дәргейінде сүйікті және шариғат иесі деп танитынын түсіндім. «Мәриям» сүресінің 30-шы аятында хазірет Исаның аузынан былай деп келтірілген: “Рас, мен Алланың құлымын. Маған кітап беріп, пайғамбар қылды” деді."

Осы жерде Құранның ғажап түрде тарихтың ақиқаттарын баяндағанын, сонымен бірге ешқашан шындықтан аспағанын түсіндім.

Хазірет Иса мен ардақты анасының бастан кешкендерін Құраннан оқу Лара ханымды илаһи таза танымның жаңа әлемімен таныстырады. Ол құдды менің бойыма жаңа рух үрлегендей күй кештім дейді. Осы мәселе оны оқу-зерттеулерінің аясын кеңейтуге ынтықтырады. Мұсылман әйелдің жол нұсқауларымен ирандық ойшыл Шәһид Аятолла Мүттахаридің тәржімаланған кейбір туындыларымен танысады. "Уахи мен пайғамбарлық", "Құрандағы адам" және "Адам мен иман" сияқты кітаптарды оқиды. Бұл кітаптар Лара ханым үшін өте қызық және жол көрсетуші болды. Сонда ол мұсылман болуды армандады. Ол бұл жөнінде былай дейді: "Осы тақырыптарды оқу арқылы «әттең, мен де мұсылман болғанымда» деп армандайтынмын. Бірақ мұсылман бола алмаймын деп ойлаушы едім. Яғни, оңайлықпен мұсылмандар қоғамына кіруге болмайды. Ислам шығыс ұлттары мен Таяу Шығыс халықтарына арналған дін деп ойлаушы едім. Мен мұсылман болу үшін аса қиын сатылардан өту керек деп ойлайтын едім. Бірақ менің мұсылмандар қоғамымен көбірек танысуым осы ойларымды мансұқ етті. Сонда Ислам туралы зерттеулерім мен Исламды қабылдау жөніндегі ниетім туралы мұсылман досыма баяндадым. Олар мені қуана қарсы алды. Мен исламды толық дін деп білетіндігімді мойындаған кезде олардың бірі жылы езу тартып: «Ендеше нені күтіп отырсың? Егер қаласаң, мұсылман бола аласың деді."

Лара ханым Ислам шекара таңдамайды деген ақиқатпен танысады. Бұл дін ерекше бір ел немесе қауымға, шығысқа, не мұсылман елдеріне тиесілі емес. Әр кісі қандай жағдайда болмасын мұсылман бола алады. Батыстықтар Исламның өзге өлкелерге деген ықпалын қысқарту үшін оны ерекше бір қауым мен нәсілге тиесілі деп үгіттейді. Дегенмен бұл діннің тағылымдары барлық адамдарға қаратып айтылған. Тура жолға салу және адамдардың ісін түзету ерекше заман мен мекенге арналмайды. Тіпті өзге діндерге қаратып, наным сенімдегі ортақтастықтарға иек артып, оларды бір ақиқатқа, яғни бір Құдайға табынуға шақырады.

Лара ханым үміт және ықыласпен ислам тағылымдарын үйренуге тырысуда. Ол өмірінің осы сатысындағы өз сезімін былай деп баяндайды: "Мен ұшуға ынтыққан құс сияқты өзімді бір өзгерістің қарсаңында көретін едім. Сол себепті тыным таппай үнемі ой үстінде жүруші едім. Ақыр аяғында Исламды махаббат және ықыласпен қабылдап, жаңа әлемге кірдім. Құдды қайтадан өмірге келгендей болып, өзімді жеңіл сезіндім. Қаладағы мешітке барып, ынтығып, еріксіз жылаған күйде сол жердегі мұсылмандарға осы тақырыпты хабарладым. Олар ауызбен айтып жеткізуге болмайтын қуанышпен мені жаңа өміріммен құттықтады. Осы хабар бүкіл мешітті шаттық пен қуанышқа бөледі».

http://kazakh.irib.ir

ShynarShynar
9 лет назад 3978
1 комментарий
О блоге
0
197372 301 569 1564 248