Үсті-басы кір, қарны аш, һәлі нашар, кішкентай қыз көшеде отырып ақша немесе қарнын тойдыратын бірнәрселер тілеп отырыпты көшеден өтіп бара жатқандардан. Өтіп бара жатқандардың арасында жас, қарны тоқ, үсті таза Сәкен де болды. Қызды көргенімен, артымнан ақша сұрап қалмайды деп көргенін білдіртпеу үшін артқа қарамай ол жерден кетуге асықты. Үлкен және люкс үйіне, бақытты отбасының қасына келгенде, оны әдеттегідей әдемі жайылған, әртүрлі тамаққа толы дастархан күтіп тұрды. Бірақ Сәкеннің ойы көшеде көрген қызға қайта-қайта орала берді. Тынымсыздығының себебін түсінбей, ең оңай жолды тауып барлық өкпесін Құдайға қаратады. "Осындай кішкентай қыздардың осыншалықты жаман күйде жүргенін, ата-анасыз қалғанын қалайша көрмей жүр?! Hеге көмектеспейді?! Hеге олардың далада ақша тілеп отыруына жол береді?! неге бірнәрселер жасамайды?!" деп ішінен күрсінді. Сосын жүрегінің түбінен жауабын естиді: "Жасадым. Сені жараттым!"
Жақсылық үшін себептер
|
3 комментария
-
Nurqanat BaizaqИә, Алла Тағала біреуге жақсылықты біреуді себеп қылып та жаратады. Негізінде байларға да байлықты жоқ-жітікке қарайласа жүрсін деп нәсіп еткен ғой. Оны ойлайтын ауқаттылар аз. Байлық сынақ. Жоқшылық та сынақ. Кім қалай өтеді бұл сынақтан? Сол маңызды.9 лет назад
-
Cаттарғажап9 лет назад
-
Cаттаршынар, бұл туынды өзіңіздікі ме9 лет назад
Прямой эфир
-
Ернар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "Узнаем у имама: запрещено ли в религии изображать ..."1 год назадБөгенбай ЗИЯЛЫ добавил(-а) новую запись: "День бороды: история неотъемлемой части мужской мо..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Әке гені жүктілік кезінде болашақ ананың метаболиз..."1 год назадNurqanat Baizaq добавил(-а) новую запись: "Ерлан Мазан: Қытай азаматтығынан бас тартқан тұлға..."1 год назадЕрнар Елмуратов добавил(-а) новую запись: "У меня украли деньги, отданные мне на хранение. Яв..."1 год назадCаттар добавил(-а) новую запись: "Мәди Сырымбет: Тәліптермен кездесудің не мәні бар?..."1 год назадДәурен добавил(-а) новую запись: "ҚАЗАҚТЫҢ күні НЕГЕ тәліптерге қарап қалуы мүмкін? ..."1 год назад2024, Islam.kz - национальный, духовно-просветительский портал
Использование материалов разрешается при условии ссылки на islam.kz.