Әкесі баласына:
- Балам, білесің бе, негізінде Жаннатқа адам тегін кіреді. Ал тозаққа кіру ақымен, тіптен үстеме ақымен десе де болады.
Таңқалған баласы:
- Ол қалай, Әке?
Әкесі:
- Иә, балам, тозақ оты тегін емес. Мысалы: Кім құмар ойнаса төлейді, арақ ішсе төлейді, Зина да тегін емес, Насыбай да теңге тұрады, Қыдырсаң да бәрібір төлейсің. Ал, Жаннатқа кіру, балам, тегін. Намаз оқу тегін, ораза тегін. Аллаһты зікір ету тегін. АЛЛАҺтан қорқып харамға көз салмау тегін, тіптен Мешітке кіру де тегін. Ендеше, тегін Жаннат тұрғанда неге тозаққа төлеп кіреміз?!
Аллаһым, кешіре гөр!
Аллаһу Акбар!