Исламға террорды телушілерге мұсылманның берген тапқыр жауабы... (видео, фото)
Исламға террорды телушілерге мұсылманның берген тапқыр жауабы... (видео, фото)

https://m.youtube.com/watch?v=vQ2CVUyXaaA 

 

Бұрын көбіне терроризм Ислам атын жамылған өз-өздерін жарып жіберушілермен болушы еді. Қазір енді мына Ислам мемлекетін құрамыз деп, өздеріне ешнәрседен хабарсыз, білімсіз жастарды жинап, көптеген адамдардың қанын мойнына жүктегендер пайда болды. Және күшейіп, көбейіп те барады.

Алдындағы бір жазбада да жазылғандай мұның барлығы батыстың саясаты секілді. Осылайша Исламды қаралап, мұсылмандарды террорист көрсетіп, осы желеумен керісінше өздері мұсылмандардың көзін жоймақшы көрінеді. Таяу шығыста болып жатқан оқиғалардың барлығы да осының бір дәлелі.

 

 

Ал, біз, мұсылмандар бұған қарсы не істей аламыз?! Ақиқатына келгенде, жиһад жасаудың заманы әлдеқашан өткен. Қазір енді бізге түсетіні - дінімізді алдымен өзіміз дұрыстап біліп, ұстану, содан кейін басқаларына түсіндіру.

Өйткені, бұл Ислам атына кір келтіргендердің басында саясат тұрғанымен, кейіннен ішіне кіріп қосылып жатқандары кәдімгі мұсылман жастары екені рас. Олар онда террорист боламын, адам өлтіремін деп барған жоқ. Тек білімсіздіктерінің кесірінен тұзаққа түсіп қалғандар. Оларды қалай тартып алады? Осы істерімен Аллаһ разылығына жетіп, жұмаққа кіреді деп сендіреді. Білетіні бір-екі аят-хадис, сонымен барлық істерін жүргізуде. Осындай тұзақтарына түсіп қалмас үшін жастарымыз барынша көзі ашық, діни білімді де болулары тиіс. Ал бұл өз кезегінде тек қана мешіт имамдарының міндеті емес. Ақиқатты білген барлығымыздың мойынымызға жүк болатын нәрсе. Көрген-білген таныс адамдарымызға жүрген жерімізде дінімізді түсіндіріп жеткізе алуға барлығымыз тырысуымыз керек. Ең алдымен өзіміздің іс-әрекетімізбен үлгі бола алуымыз қажет. 

Барлығы надандықтың кесірінен болатын әр түрлі жамандықтарға біз де ұшырап қалмайық! Жақындарымыздың, дін бауырларымыздың, халқымыздың осы құрмауға түспесі үшін де барлығымыз бір ауыздан атсалысайық!..

Аллаһ - ақиқат жолында болғандардың жәрдемшісі. Біз Оның дініне көмектесейік, сонда Ол да біздің істерімізге көмектеседі (Мұхаммед сүресі 7-аяты мағынасы).

 

Шынар Ә.Т.

ShynarShynar
9 лет назад 4313
0 комментариев
О блоге
0
197372 301 569 1564 248