ИШИМ мүшелері өздерінің мемлекет деп жариялап алған жерлерінің шекарасында күзетте тұр.
Бір уақытта бір мұсылман адам өтпекші болады. Оны тоқтатып сұрақ астына алады:
- Сен кімсің?
- Мұсылманмын, - деп жауап береді әлгі адам.
- Мешітке бардың ба?
- Иә!
- Намаз оқыдың ба?
- Иә!
- Парыз намаз оқыдың ба?
- Иә!
- Сүннет намазын оқыдың ба?
- Иә!
- Тәспихтарды айттың ба?
- Иә!
- Дұға жасадың ба?
- Иә!
- Құран оқыдың ба?
- Иә!
- Мешітке сәлем намазын оқыдың ба?
- Жоқ, - деп жауап бергені мұң екен ол адамды атып өлтіреді.
Біраздан соң тағы бір адам өтуге келеді. Оған да сұрақ қояды:
- Сен кімсің?
- Християнмын, - деп жауап береді ол.
- Жарайды, өте бер, - деп жібере қояды.
Кейіннен басқа бір адам келеді. Одан да бірден кім екенін сұрайды. Ол адам:
- Евреймін, - деп жауап береді. Сонда ИШИМ-діктер:
- Қош келдіңіз отаныңызға! - деп құшақ жая қарсы алған екен.
P.S. Бұл, әрине, әзіл (анекдот) ретінде айтылғанымен, астарында ойланатын маңызы бар дүние...