Екі кәмпиттің қайсысын алар едің?..
Екі кәмпиттің қайсысын алар едің?..

Бір британдық жігіт мұсылман ғалымнан: «Неліктен Исламда әйел адамға бөгде ер адамдармен қол алысып амандасуға тыйым салынған?», – деп сұрайды.

Ғалым: «Елизавета патшайыммен қол алысып амандасу мүмкін бе?», – деп сұрапты.

Әлгі жігіт: «Әрине, белгілі бір адамдардан басқаларға мүмкін емес», – деген екен. 

Ғалым: «Бізде әйел адам да патшайымдар іспеттес, кез келген ер адамдар олармен қол алысып амандаса алмайды», – деп жауап беріпті. 

Сосын әлгі кісі ғалымнан тағы да:

«Неліктен сендерде әйел адам денесін, басын жауып жүреді», – деп сұрайды. 

Мұсылман ғалым жымыйып, қолына екі кәмпит алып, бірін ашып, бірін ашпай екеуін жерге тастай салады да Британдық жігітке: «Егер сенен жерде жатқан екі кәмпиттің бірін ал деп талап етсем, қайсысын алар едің?»,– дейді.

Жігіт: «Әрине, ашылмағанын», – деп жауап қатады.

Міне, дініміздің де әйел адамға қатысты ұстаным осындай деген екен мұсылман ғалымы.

ShynarShynar
9 лет назад 4004
2 комментария
О блоге
0
197372 301 569 1564 248