Әр мұсылман өмірінде орындауға тиісті 30 амал
Әр мұсылман өмірінде орындауға тиісті 30 амал

Мейірімді де Рахымды Алланың атымен!

 

Адам баласы өмірдің рахатын сезініп, көңіл-күйініңқашан да көтеріңкі болуы үшін мына аталған нәрселерді орыдауы керек деп жатады, мысалы: саяхатқа шығу, биік шыңдарды бағындыру, үш рет қатарынан түшкіру(ия, ия осындай нәрсені де жазады), парашютпен секіру, түнді ұйқысыз өткізу, т.б. Ал неге Алласы мен ақыретіне иман келтірген жандарға осындай оғаштау қылықтар мен экстримдерден бөлек өмірдің қызығы мен кереметін сезіндіретін басқа амалдардан тұратын ескертпе тізім құрып бермеске? Сонымен, әр мұсылман жан өз жүрегін қуанышқа кенелтіп, өмір мен иманның ләззатын сезінуі үшін өмірінде бір рет болса да орындауға тиісті болған амалдар тізімін түгендеп көрдік. Адамзаттың иман негізін құраған, парыз болған Исламның бес негізінен бастайық.

 

1. Шәхаданы айту

 

2. Бес уақыт намаз оқу

 

3. Зекет беру

 

4. Қажылыққа бару

 

5. Рамазан айында ораза ұстау

Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деген екен: «Ислам негізі бес нәрседен тұрады: Алладан өзге тәңірдің жоқтығына және Мұхаммед — Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік беру, құлшылық қылу, зекет беру, қажылық жасау, Рамазан айында ораза тұту».

 

6. Дұшпанын кешіру

Әнас ибн Мәлік (Алла оған разы болсын): «Мен Пайғамбарымыздың өзіне қастық қылған адамын жазалауға асыққанын ешқашан көрген емеспін, керісінше ол мейірімді болып, ренжіткенді кешіруді насихаттайтын», — деген екен. (Әбу Дәуд).

 

7. Құранды толық оқу

Абдулла ибн Әмірден, Алла оған разы болсын, жеткізген риуаятта, Пайғамбарымыздың, (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны бар: «Құранды толық оқып шыққан адам өзіне пайғамбарлық келгендей сауап алады, айырмашылығы — уахи түсіретін періштенің жоқтығы ғана».

«Ал кімде – кім Құранды оқып тұрып, Алла Тағала өзге жанға мұнан да (Құранды білуден басқа) артығын яки жақсысын берді деп ойлайтын болса, онда ол (Құран оқушы) Алланың үстемдік қылғанын (яғни Алланың Сөзін) төмендеткен болып есептеледі» (Хәкім, Тәбәрани).

 

8. Құран сүрелерін жаттау немесе Құранды толықтай жаттау

Абдулла ибн Әмірден (Алла оған разы болсын) жеткізген риуаятта, Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мынадай сөзі бар: «Құран білген адамға айтылса керек: «Оқы және әр сөзді жердегі өміріңде оқығаныңдай анықтап оқы, анығында сенің орның ең соңғы оқылған аятыңа сәйкес болады» (Ахмад, Әбу Дәуд, Ибн Мәджа).

 

9. Жаратушының алдында қорқып жылау

 

10. Бір жанды тек Алла ризалығы үшін жақсы көру

 

11. Жасырын садақа беру

Әбу Хурайра (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мынадай сөзін жеткізеді: «Қиямет күні Алланың саясынан өзге сая болмайтын кезде, махшарда Алланың сол саясының астынмына аталған жеті кісіпаналайды: әділетті басшы;жастайынан Аллаға ғибадат еткен жас жігіт; жүрегі мешітке байланған кісі; Алла үшін бір-бірін жақсы көріп, Алла үшін бас қосып және Алла үшін ажырасқан екеу; көрікті әрі дәулетті әйел өзіне көңілі ауып, шақырған кезде «мен Алладан қорқамын» деп бастартқан ер  кісі; оң қолы бергенді сол қолы білмейтіндей етіп, жасырын садақа берген кісі, және оңашада қалған уақытта Алланы зікір етіп, көз жасын көл еткен кісі» (Мүслим, Бұхари).

 

12. Мұқтаж жанға көмектесу

«Аллаға, Оның Елшісіне иман келтіріңдер. Және сендерге нәсіп қылған нәрселерін тиісті орынға жұмсаңдар. Өйткені, сендердің араларыңнан иман келтіріп, мал-мүлкін тиісті орынға жұмсағандар үшін берілетін ірі сыйлық бар». «Темір» сүресі, 7 аят.

Әбу Хурайраның жеткізуі бойынша, Алла оларға разы болсын, Пайғамбарымыз, Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқан: «Жесір мен міскіннің жағдайы үшін күйіп-піскенадам Алла жолында күрескенмен немесе түні бойы құлшылық етіп, күндіз ораза тұтқанмен тең». (Бұхари, Мүслим)

 

13. Тосын сый жасау

Хадистердің бірінде айтылған: «Сыйлық адамдар арасындағы сүйіспеншілікті арттырады, сондықтан бір-біріне үнемі сыйлық тарту етіп, арадағы өзара сүйіспеншілік пен қарым — қатынастарыңды күшейтуге тырысыңдар».

 

14. Жетімге көмектесу

Хадистердің бірінде былай делінеді: «Жетімді қамқорлығына алған адам — мейлі ол оның (жетімнің) туысы болсын, мейлі болмасын, Жәннатта менімен былай жақын болады» — деді. Бұл хадисті жеткізуші, Мәлик бин Әнас, Алла оларға разы болсын, сұқ және ортаңғы саусақтарын көрсеткен. (Сахих Мүслим).

 

15. Рамазанның барлық түндерін, ең болмаса соңғы 10 түнін құлшылықта өткізу

Рамазан – құлшылық айы. Басқа ешбір айда адам баласы осы айдағыдай иман рахаты мен Раббысына жақындаудың ләззатын сезіне алмайды. Айша (Алла оған разы болсын) жеткізген хадис: «Рамазанның соңғы он күні жақындағанда, Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) изарын қаттырақ байлап, түндерін ұйқысыз, құлшылықпен өткізіп, отбасы мүшелерін де құлшылық етуге оятатын» (Бұл хадисті әл-Бұхари мен Мүслим жеткізген).

 

16. Мешіт құрылысына көмектесу

Хадистердің бірінде былай деп айтылғаны бар: «Қиямет күні Жаратушы Алла құлдарына қарап: «Уа, менің көршілерім, тұрыңдар!» — дейді. Сонда адамдар таңғалып, сұрайды: «Уа, Жаратушы Алла! Сенің де көршілерің болады ма?» Сонда Алла Тағала айтады: «Ия, олар мешіт салған жандар, олар Менің көршілерім». Тағы бір хадисте: «Мешіт салған кісіге көлемі тіпті піл ұясындай болса да, Алла Тағала Жәннаттан үй салып береді».

 

17. Мешітке немесе Құранды ұнатып оқығанға Құран сыйлау

Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Адам қайтыс болған кезінде, оның барлық амалдары тоқтайды, тек мына үшеуінен бөлек: үздіксіз сауап жазылатын садақасы немесе ізгі амалы, басқалар қолдана алатын білімінемесе Алладан ол үшін дұға қылатын ізгі ұрпақ» (Мүслим, Ахмад). Мешітте Құран қалдырған адамғаөзңкөз жұмғаннан кейін деәлгі Құранын бөгде біреу оқыған сайын сансызсауаптар жазыла береді.

 

18. Ренжіскендерді татуластыру

Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерге намаз оқу, ораза тұту немесе садақа беруден де сауаптырақ бір істі айтайын ба? Ол ренжіскендерді татуластыру. Мұсылмандар арасындағы араздық, өкпе–реніш дін өзегін қырқатын (бұзатын) ұстара секілді»  (Әбу Дәуіт, Тирмизи).

 

19. Өзімен араласпай қалған адаммен сөйлесу

 

20. Өзімен хабарласпай, араласпай, хабар–ошарсыз қалған жанмен қайта тілдесіп, сөйлесу.

 

21. Саған көмектесуден бастартқан жанға жәрдем беру

Құдси хадис: «Ақиқатында, мүміндер (иман келтіргендер) — бұл Аллаға және Оның Пайғамбарына иман келтірген жандар, өздеріне зұлымдық жасағандарға жақсылықпен жауап қайыратындар,туыстық қарым – қатынасты үзушілерменқатынасты одан әрі жалғастырушылар,кезінде өзінің бетін қайтарғандарға кешіріммен қарайтындар, тіпті өзіне сатқындық жасаған жанға сеніміне селкеу түсірмей, сенушілер, өздерімен араласпай қалғандармен араласушылар, сонымен қатар, өздерін қорлағандарды сыйлаушылар. Расында, Мен араларыңда сендерді жақсырақ білушімін».

 

22. Жамандықты жақсылықпен қайтару

Құранда айтылған: «Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал. (Жамандыққа қарсы жақсылық қыл). Сол уақытта сенімен дұшпандық қылған адамың өте жақын досыңдай болып кетеді»  (41 Сүре, 34 аят).

 

23. Өзгенің айыбын немесе кемшілігін жасыру

Хадисте айтылған: «Діндес бауырының айыбы мен кемшілігін жасырған жанның күнәсін Алла екі дүниеде де жасырады» (Мүслим).

 

24. Тәубе ету

Құранда Жаратушы Алла: «Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар», — дейді. (24 сүре, 31 аят).

 

25. Жамағатпен намаз оқу

«Жамағатпен оқылған намаздың сауабы жеке оқылған намаздан жиырма жеті есе артық болады» (Бұхари).

 

26. Өзге біреу үшін жасырын дұға қылу

Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: «Мұсылманның мұсылманға қылған дұғасы кабыл болады. Егер мұсылман адам діндес бауырына сырттай дұға жасаса, періштелер: «Әмин, Алла Тағала бауырыңа сұрағаныңды саған да нәсіп етсін»деп тілейді екен. (Мүслим, Тирмизи, Ибн Мәджа).

 

27. Өзгенің қарызын өтеуге көмектесу

Хадисте айтылған: «Бұл дүниеде қиыншылық көрген мұсылманға кімде – кім көмек көрсетсе, о дүниеде Алла одан жаманшылықты алыстатады»(Мүслим). Сонымен қатар басқа хадисте: «Діндес бауырының қажетін өтеу, менің мешітімде иғтиқаф жасаудан, яғни екі жыл бойы сол жерде құлшылық қылудан да қайырлы» (Хәким).

 

28. Жәбірлеушіге ескерту (насихат) жасау

Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Бауырыңа көмектес, мейлі ол жәбірленуші болсын, мейлі жәбірлеуші болсын. Егер ол жәбірлеуші болса, онда оны бұл әділетсіздіктентый, ал егер жәбірленуші болса, онда оған жәрдемдес» (Ахмад, Мүслим, әд-Дарими).

 

29. Нәпіл ораза ұстау (кем дегенде бір күн)

Риуаятта, Әбу Қатада әл – Ансаридың айтқаны жеткізіледі. Пайғамбарымыздан        (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  бір ер кісі келіп, былай деп сұрайды:«Маған өзіңнің оразаң туралы айтып берші». Сонда Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) ашулана бастағанын байқап қалған Омар: «Біз разымыз, Алла – біздің Тәңіріміз, ислам – біздің дініміз, ал Мұхаммед – біздің Пайғамбарымыз! Аллам, бізді Өзіңнің қаһарыңнан және Елшіңнің ашуынан сақтай гөр»дейді де, осы сөздерді Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) ашуы тарқағанға дейін қайталаумен болады. Кейін Омар былай деп сұрады: «Уа Алланың Елшісі! Жыл бойы ораза ұстап, тек бір күн ғана ораза ұстамаған адам жайлы не айтуға болады?». Сонда Пайғамбарымыз: «Ол аузын бекітпеген де, ашпаған да» — деді. Ол тағы да: «Ал екі күн ораза ұстап, бір күн ұстамаған жайлы не айтуға болады?» Оның жауабы: «Оған кімнің шамасы жетеді?» «Ал бір күн ораза ұстап, бір күн ұстамаған жан жайлы не айтуға болады?» «Бұлай Дәуіт, Алла оған рахым етсін, ораза тұтқан». «Ал бір күн ораза ұстап, екі күн ұстамаған жайлы не айтуға болады?» деп соңғы сұрағын қойғанда, Алла Елшісі, Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын:«Өзімнің осылай істегенімді қалар едім» деп жауап береді. Кейін: «Әр айда ұсталатын үш күндік ораза мен әр рамазандағы ораза өмір бойы ораза ұстағанмен тең. Мен Алланың мейірімімен Арапа күні ұсталған ораза сол жанды өткен әрі келер жылының күнәларынан арылтады және де Ашура күні ұсталған ораза өткен жылдың күнәсін жояды деп үміттенемін»(Мүслим).

 

30. Көршілермен жақсы тұру

Алла Елшісі, Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын, айтты: «Уа мұсылман әйелдер, ешбіреулерің көршіге жасайтын жақсылықты ескерусіз қалдырмасын, тіпті ол тоқтының тұяғы болса да!» (Бұхари, Мүслим)

 

31. Түннің үштен бір бөлігін құлшылықпен өткізу

Құранда Құдіретті Алла тағала былай дейді: «Әй бүркеніп жатушы (Мұхаммед  Ғәлейһи Сәләм)! Түнде тұр. Бірақ аз ұйықта, түннің жарымын немесе одан да аздап кеміт…» (73 сүре, 1 аят). Сонымен қатар, Алла Елшісінің, Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын, айтқаны: «Түндеріңді құлшылықпен өткізіңдер, анығында олар сендерге дейін болған ізгілердің жолы, Аллаға жақындатып, қателерді кешіріп, күнәға барудан сақтайды» (Әл-Хәким).

 

P.S. Жоғарғыда айтылғандардың басым көпшілігітек «бірретік» амал болмай, мұсылманның әдетіне айналуға тиіс. Дегенмен әр әдет алғашқыдан бастау алады емес пе?! Осы аталғандардың әрқайсысына амал қылып дағдылансаңз, бәлкім мына жайтты түсінер едіңіз: құлшылық – дегеніміз тек Алла алдындағы парызымызбен ғана шектелмейді, ол сонымен қатар рухани ләззат, жанымыздың қуанышы және Алланың қалауымен – о дүниеде берілетін жомарт сый. Ал бұнымен қандай саяхатты салыстыруға келеді, айтыңызшы?!

 

Islam-today.ru сайтынан қазақ тіліне аударған Tamshy.kz

ShynarShynar
8 лет назад 8321
0 комментариев
О блоге
0
197372 301 569 1564 248
Прямой эфир