"Аллаһ қаласа" деп айту (ғибрат хикая)
"Аллаһ қаласа" деп айту (ғибрат хикая)

Бұрынғы кезде бір отбасындағы әйелі әрдайым аузынан Аллаһты тастамай жүруге тырысатын болған екен. Бірақ еріне соны бір үйрете алмай қойыпты.

Бір күні күйеуі үйінде жинаған ақшасына базардан барып сиыр алуды ойлайды. Соны әйеліне айтқан кезде, әйелі: "Аллаһ қаласа, аламын деп айтсаңшы" дейді.

Оған күйеуі ашуланып: "Қолымда жеткілікті ақшам бар, базарда сиыр бар. Барып ала саламын. Оған "Аллаһ қаласа" деп айтудың не қажеті бар?!" деп бұлданады. 

Сонымен базарға сиыр алуға кетеді. Бірақ барғанымен ала алмай қайтады. Неге? Өйткені, жолда ақшасын жоғалтып алған екен. Содан соң әйелі айтқан "Аллаһ қаласа" деп айтудың маңыздылығын түсінеді.

Содан құр қол үйіне қайтып келеді. Есікті қаққанда әйелі кім екенін сұрайды. Сонда күйеуі жауапқа: "Аллаһ қаласа, күйеуің боламын" деп айтады. 

Әйелі күйеуіне бұлай әрбір нәрсе үшін емес, алда жасалатын істерге "Аллаһ қаласа" деп айту керек екенін түсіндіреді.

Осылайша, күйеуі де бұл сөздің маңыздылығын түсінген екен.

Шынар Ә.Т.

 

ShynarShynar
9 лет назад 12963
1 комментарий
  • Алла қаласа бəрі жақсы болады. Алла қаласа деген сөзді əрбір істің басында айтса ол іс берекелі, əрі сәтті аяқталмақ.
    9 лет назад
О блоге
0
197372 301 569 1564 248