Төрт жерде төрт нәрсені қорғау, екі нәрсені ұмытпау, екі нәрсені ұмыту керек. Ол не?
- Қорғалатын нәрселер: намазда көңіл, халық арасында тіл, ас ішкенде тамақ, кісі үйінде көз.
- Ұмытылмайтын нәрселер: Аллаһтың ұлылығы және өлім.
- Ұмытылуы тиіс нәрселер: біреуге жасаған жақсылығың және саған жасалған жамандық.