Хорасанда бір жас жігіт өмір сүретін. Көңілі ғылымға деген құштарлыққа толы еді. Иракқа барды. Ілім соңынан қуып, біраз білім үйренген соң туған жеріне қайтуға дайындалады. Қуаныштан асып-тасып, қанат біткен құстай ұшып кетердей болып жүреді. Дәл сол тұста бір ғалымды кездестіреді. Көп оқыған ғалым кісі оны тексеру үшін сұрақ қояды:
- Балам, Хорасанда шайтан бар ма?- деді. Жас жігіт бірден:
- Мырзам, оның болмайтын жері бар ма?!
- Ол жақта шайтанмен қалай күреседі?
- Оған қарсы тұру арқылы!
- Ал қайта келсе ше?
- Тағы да оған қарсы тұрады.
- Бұл бос әурешілік қой!
- Неге бос әурешілік?
- Бүкіл өмірлерің шайтанмен осылай тартысып өтпек пе?!
Жас жігіт не дерін білмей қалды:
- Онда не істеу керек?- деді.
Сонда ғалым кісі:
- Жолда бір шопанның қабаған итін кездестірсең, ол саған тісін ақситып, шабуылдауға дайын тұрса, итті қуумен пайда таба алмайсың. Иттен құтылудың ең тиімді жолы оның иесін шақыру. Өйткені, иттің иесі оны бірден тыныштандырып, сені қорғайды.
Шайтанмен күресудің де жолы солай – Аллаһқа бет бұру.
Түрік тілінен аударған Шынар Ә.Т.