Малым - жанымның садақасы... (ғибрат хикая)
Малым - жанымның садақасы... (ғибрат хикая)

Баяғыда бір кісі Алладан «маған жан-жануардың тілін үйретші?» деп жалбарыныпты. Алла Тағала оның тілегін қабыл алып, жан-жануар, құрт-құмырсқаның тілін үйретіпті. Ол үйіне келіп, әдеттегідей иті мен мысығына бір кесек ет тастаса, екеуі таласып қалыпты. Сонда мысығы тұрып: «Сен бүгінге маған бер бұл етті. Ертең иеміздің сиыры өледі, сонда екеуміз етке тоямыз» депті. Ертесі иесі сиырын сатып жіберіп, кешке екі «серігіне» тағы да бір кесек ет тастайды. Мысық тағы да: «бұл жолы маған берші, ертең иеміздің аты өледі, етке тоямыз», депті. Иесі ертесі атын сойып сатып жібереді. Кешке тағы бір кесек ет алдарына түскен кезде, мысық тағы да таласып: «Сен бұны маған берші? Ертең иеміздің өзі өледі, етке әбден тоямыз» депті. Мұны естіп, шошыған иелері бір молдаға барып, болған жайды баяндапты, сонда әлгі молда: «Кеткен затқа, жоғалған мүлікке ренжуге болмайды. Оны қию керек. Тіптті, адамның жаны да қиылады ғой. Алла Тағала сенің жаныңның садағасы ретінде әуелі сиырыңды алғысы келген екен, сен оны сатып, ақшасын сандығыңа салып қойыпсың. Ертесі жылқыңды алғысы келгенде тағы сараңдық танытыпсың. Енді садақаға жаныңнан өзге не қалды?» депті. 

ислам, дұға, дін, садақа, религия
ShynarShynar
9 жыл бұрын 6421
2 пікір
  • Жоғалғанға өкінуді, қайғыруды ұнатпаймын. Өзім қиналам, одан да тәуекел етсем әрі сауап, әрі ризық деп өзімді сабырға шақырам.
    Ал бұрын қайғырып, өкініп кететін едім.
    9 жыл бұрын
    • Ең бастысы, соққының алғашқы тиген сәтінде сабыр сақтап, тәуекел ете білейік...
      9 жыл бұрын
Блог туралы
0
197372 301 569 1564 248