Ұйқының сүннеттері
Түн – бұл көптеген күнәлар мен құмарлыққа берілудің уақыты. Сол себепті, шайтанның әр түрлі айла-шарғысынан қорғану үшін жатар алдында тазаланып жатқан жөн. Және ұйқы соның бірі.
Біздің кезімізде адамдардың ең көп әуестенетіні – бұл әр түрлі телевизиялық бағдарламалар. Көпшілік отбасы түнгі уақытын теледидар қараумен өткізеді. Әрине дінді берік ұстанатын отбасылардың үйінде әдетте, теледидар мүлде болмайды. Алайда, намазға жаңа жығылған жас жеткіншек шариғат заңдарын ұстанбайтын ата-анасымен бірге тұратын болса, оның ең әуелі өзін бұл төнген қауіптен қорғағаны жөн. Себебі, телебағдарламалардың бізге тигізер зияны өте көп, әсіресе, бұл біздің алтын уақытымызды текке сарп еткізеді.
Ал ұйқы алдындағы бірқатар сүннеттердің бірін қалдырмай орындайтын болсақ, бұл біздің уақытымызды текке, еш пайдасыз өткізуіміздің алдын алады.
1. Түнгі намаздан (құптан намазынан) соң көп кідірмей ұйықтауды әдетке айналдырыңыз. Фиқһ кітаптарында айтылғандай, құптан намазынан соң бос әңгіме айтып, әсіресе, дінге қатысы жоқ дүниауи тақырыпта әңгіме-дүкен құру әсте, құптарлық емес. Үйге келген қонақпен әңгімелесу болса, ол басқа.
2. Дәрет алып жату;
3. Жатар алдында мисуақ қолдану,
Бұл күн сайын орындауға болатын сүннет амалдардың бірі. Көпшілік мұсылмандар бұл сүннет туралы білгенімен, оны іс жүзінде орындайтындары кемде-кем. Фиқһ кітаптарында айтылған тұжырымдамаларға сәйкес, тісті тіс пастасымен тазалау да дәл осы сүннет амалды орындағанмен бірдей болмақ. Бастысы ниетіңіз соған сай болуы керек.
4. Күнделікті киетін киіміңізден бөлек киіммен ұйықтау;
5. Оң жақ бүйірмен ұйықтау;
6. Құбылаға бет бұрып жату;
7. Жатар алдында «Мүлік» сүресін оқу;
8. Жатар алдында «Аят әл-Күрсіні» оқу;
9. Мынадай мағынадағы дұғаны оқып жату: اللهم قِني عَذابَك يومَ تَبْعَثُ عبادَك
Оқылуы: «Аллаһумма қинни әзабака йаума таб’асу ‘ибадак».
Аудармасы: «О, Аллам! Құлдарыңды қайта тірілтетін күні мені Өз қаһарыңнан сақтай гөр!»
Әбу Әли Әл-Ашари
annisa-today.ru сайтынан қазақ тіліне аударған Tamshy.kz
Күнделікті орындалатын 100 сүннеттік амал (3)
|