Бір күні имам Хазірет Рабиа Әл Адауияның көз алдында "Аллаһым, бізден разы бол" деп дұға тілеп, жалбарынып отырады. Сонда Рабия Әл Адауия:
- Сен өзің Аллаһтан разы болмай тұрып, Оның сенен разы болуын тілеуден ұялмайсың ба? -дейді.
Сонда сол жерде тұрған Жағфар ибн Сүлеймен сұрайды:
- Құл қашан Раббысынан разы болған болып саналады?
Оған Рабия Әл Адауия:
- Жақсылықты да, жамандықты да бірдей ризашылықпен қарсы алған кезінде, -деп жауап береді.
Жұмаларыңыз мүбәрак болсын!