Бір рет Аллаһ үшін "Аллаһ" дегенімде... (ғибрат хикая)
Бұрынғы кезде бір жас шопан жігіт патшаның қызына ғашық болады. Есінен айырған бұл ғашықтықтан сүйгенінің есімінен басқа ешнәрсе айта алмайтындай жағдайға түседі. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылады. Ешқандай ас батпай, жүдеп кетеді. Жанында өзіндей шопан досы болады. Қанша жерден "Сен жай ғана шопансың, ол патшаның қызы. "Тең теңімен, тезек қабымен." Оған қол жеткізуің мүмкін емес" деп айтқанымен, ғашық жан ақыл тыңдаған ба еді?! Жүрегінен басқаны естіген бе?! Досының адам төзгісіз жағдайын көріп жаны ашыған жанындағы шопан оны сол елдегі данышпан ақсақалға ертіп барады. Барлық жағдайды...