Саусақ пен өкініш
Саусақ пен өкініш

Отағасы жаңадан алған автокөлігімен бір шаруасын тындырып келмек болып сыртқа  шықты. Бір кезде көлік  тұрған жақтан тарсылдаған дыбыстар естілді. «Не болып қалды» деп қараса, 6 жасар баласы қолына тас алып  көліктің жанына сырып бір нәрселер жазып қойыпты.  Ашуға ерік берген азамат  әлгі таспен баласының қолынан ұра бастайды... Бір кезде баласының қолынан қан атқылағанда  ғана есін жинайды. Қан тоқтамағандықтан,  ауруханаға апаруға мәжбүр болады. Дәрігерлер баланың саусақтарының қатты жарақат алғанын көріп, аман алып қалудың шарасын жасағанымен, ештеңе істей алмайды. Амалсыз саусақтарын кесуге тура келеді. Бала ауыр операциядан кейін есін жинағанда қолына аппақ мата оралғанын көреді. Әкесіне жаутаңдап қарап:

– Әке, көлігіңізді бүлдіргенім үшін кешіріңізші, енді олай істемеймін, – деді де, – Саусақтарым қайта шыға ма? – деп сұрады жыламсырап.  Мұны  естіген әкесі өзін ұстай алмай жылап жіберді де, жауап берместен сыртқа шығып кетеді. Автокөлігінің жанына барып, оны тебе бастайды. Бір сәт баласының сырып жазған жазуына назар аударып қараса, "Мен әкемді жақсы көремін" деп жазған екен. Ол өз қатесін түсініп, ақыры шыдай алмай өз-өзіне қол жұмсайды...

Ашу мен махаббат шектеусіз сезімдер. Әрдайым махаббатты таңдаңыз. Сонда өміріңіз әдемі де тамаша болмақ. Әлемдегі қазіргі қиын жағдай - адамдарды тек пайданалып, заттарды жақсы көретін болғанымыз. Алайда дұрысы керісінше болу керек екенін әрдайым есте ұстайық: заттарды пайдаланып, адамдарды жақсы көруіміз керек!

Жақсы көретін адамға қарсы сабырыңыз таусылса, ашуға берілмей тұрып, жақсылап ойланыңыз. Көліктер  жөнделер, бірақ, саусақтар мен жаралы жүректер  жазылмайды. Адамдар қателеседі. Бірақ ашу мен ызаға булығып істеген іс адамды өмірінің соңына дейін қинауы мүмкін. Ойланып әрекет етейік. Сабырлы болайық.

 

Орыс тілінен аударған, Шынар

ShynarShynar
1 год назад 670
2 комментария
  • "Әлемдегі қазіргі қиын жағдай - адамдарды тек пайданалып, заттарды жақсы көретін болғанымыз. " - бұл бейәдеп ресми әдетке айналды, Астахфиралла!
    Елбасымыз да кешегі әлемдік жиында "Кешіре біліңдер" дегені бекер қой.
    1 год назад
  • Ой қалдырар мақала,рахмет сізге
    1 год назад
О блоге
0
146057 301 568 1240 248