Пайғамбармен қалай дос болуға болады?
Пайғамбармен қалай дос болуға болады?

Рабиа ибн Қағыб әл-Әслами жеткізуде:

«Ардақты пайғамбарымызға (с.а.с.) дәрет суын жеткізіп беріп, басқа да қолғабыстар жасайтынмын. Бір күні «Тілегің болса, маған айт» деді. «Сіздің жақын досыңыз болғым келеді» дедім. «Осыны ғана сұрайсың ба, басқа ешқандай тілек айтпайсың ба?» деді. Мен тек осыны ғана қалайтынымды айттым. Сонда Аллаһ елшісі «Онда өзің үшін көп сәжде жасап, маған көмектес» деді».

Бұл оқиғадан мынаны түсінуге болады: басқадан сұраған істе өзің де қолыңнан келгенше үлес қос, сонда сұраған нәрсенің шынайы бағасын білесің. Пайғамбарға екі дүниеде де дос әрі жолдас болғысы келген адам намаз оқып, көп сәжде жасауды әдет етіп, сәждеде Жаратушы Иеге көп дұға етуі тиіс. Зор мақсаттарды зор машақаттармен ғана бағындыруға болатынын ескерген жөн. 

ShynarShynar
2 года назад 571
2 комментария
  • Зор мақсаттарды зор машақаттармен ғана бағындыруға болатынын ескерген жөн.
    2 года назад
  • Пайғамбарымыздың досы болудан артық бақыт жоқ шығар. Онда ол өз қолымызда екен.
    2 года назад
О блоге
0
146057 301 568 1240 248