Ағылшын автобус жүргізушісі қалай Исламды қабылдады?..
Ағылшын автобус жүргізушісі қалай Исламды қабылдады?..

Біраз жылдар бұрын бір Имам Ұлы Британияның астанасы Лондонға көшіп барады. Ол көбінесе баратын жерлеріне үйінен автобусқа мініп баратын. Көшіп келгенінен соң бірнеше апта өткен кезде көбінесі мінетін, таныс болып қалған автобусына қайтадан мінеді. Ақшасын төлеп, билет алып отырғаны сол еді жүргізушінің байқамай 20 пенс артық қайтарып қойғанын көреді. 

Ол не істеу қажет екенін ойлағанда алғашқыда 20 пенс ақшасын қайтарып берген дұрыс дейді.

Бірақ кейіннен тағы ойланады: "Ой, қайтесің оны, бар болғаны 20 пенс! Мұндай аз ақша үшін кім уайымдайды дейсің?! Бәрібір автобус компаниясы жолақыдан қыруар қаржы жинауда. Бұл мардымсыз аз ақша ол қаржысын азайтып қоймас! Мұны Аллаһтан бір сый ретінде қабыл алып, үндемей-ақ қой!"

Автобустан түсетін тұрағына келгенде Имам есіктің алдында сәл кідіреді де, жүргізушіге қолын созып, 20 пенс ақшасын қайтарып береді: "Алыңыз, сіз маған артық ақша беріп жіберіпсіз".

Сонда жүргізуші күлімсіреп жауап береді: "Сіз осы ауданның жаңа Имамы емессіз бе?! Біраз уақыттан бері сіздердің мешітке барып, иманға бет бұруды ойлап жүрген едім. Мен сізге артық ақша қайтарып қойсам не істер екенсіз деп сынағым келген еді..." 

Имам автобустан түскен кезде буындары босап, әлсіреп, аяқтары дірілдеп кетеді. Бірден жанында тұрған жарық бағанынан ұстай алады. Әлі де бағаннан ұстап тұрған күйі көзін көкке қадап: "О, Аллаһ, сәл болмағанда Сені және Исламды 20 пенс ақшаға сатып жіберуге шақ қалдым" деп солқылдап қатты жылайды.

 

Ағылшын тілінен аударған Шынар Ә.Т.

ShynarShynar
1 год назад 823
5 комментариев
  • Жеме-жемге келгенде Ислами құндылықтарды жəне бұйрықтарды ысырып қоятынымыз бар, өкінішке орай. Бұл имамның оқиғасы қазіргі таңдағы көп намазхан мұсылмандардың арасында кездеседі. Жүрегімізге иманнан гөрі, дүниеге деген махаббат кірген. Рахмет, жақсы əңгіме екен.
    1 год назад
  • осындай ұсақ, елеусіз нәрселерден байұау керек, аяұ астындағы тас секілді, сүріндіруге жетіп жатыр
    1 год назад
  • Амалдың үлкен-кішісі болмайды деген осы ғой. Ой саларлық "дүние" екен.
    1 год назад
  • иә, күреп тапқаның күлдей шашылады
    1 год назад
  • Keremet!
    1 год назад
О блоге
0
146057 301 568 1240 248