Сұраса, беріңдер!
Сұраса, беріңдер!

Бір жолы Айша (р.а.) анамыз: 

– Уа, Алланың елшісі, сұрағандарға қандай заттарды міндетті түрде беру керек? – деп сұрады.

Расулаллаһ: – Су, оттық, тұз, – деп жауап қатты.

Айша анамыз: – Суды түсіндік, ал оттық пен тұзды берудің мәнісі не? – деп қайта сұрағанда, ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деп түсіндірді:

– Ей, Айша, кім оттық  берсе, сол отпен пісірген нәрсенің барлығын садақа еткенмен бірдей;

Ал кім тұз берсе, сол тұзбен дәмі кірген астың барлығын садақа  еткенмен бірдей;

Ал кім суынан беріп, біреудің шөлін басса, жетпіс жанды тұтқыннан босатқанмен бірдей;

Ал кім су тапшы бола тұра, суынан беріп, біреудің шөлін басса, өлген жандыны тірілткенмен бірдей;

Ал кім бір адамды құтқарса, жалпы адамдарды құтқарғанмен бірдей.

ShynarShynar
2 жыл бұрын 566
1 пікір
  • Жомарт болуға үндейтін өсиет екен. Пайғамбарымыз адамдардың ең жомарты еді.
    2 жыл бұрын
Блог туралы
0
146057 301 568 1240 248